Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Наурыздан бастап 1000 теңгелік купюраның кейбірі жарамсыз

2006 жылы шығарылған мың теңгелік банкноталар наурыздан бастап айналымнан шығады. Яғни төлем құралы ретінде пайдаланылмайды. Ұлттық банк осылай деп мәлімет таратты. Бұған дейін де бас банк ескі мың теңгеліктің айналымнан шығатынын хабарлаған еді.

198394

Фото: Sputnik Қазақстан

Бұл туралы “Астана” арнасы хабарлайды.

Ұлттық валютаның кейбір номиналдарын айналымнан алу туралы бастама былтыр көтерілген болатын. Содан бері 2006 жылғы мың теңгеліктер айналымнан алынатыны айтылып жүр. Ол беткі жағында бәйтеректің суреті бар ақша. Ал жаңасы және естелік үшін шығарылған мың теңгеліктер айналымда қалады. 2006 жылғы шығарылған банкноталардан тек 200 және 500 теңгелік қалады.

“2017 жылдың бірінші наурызынан бастап, егер де қандайда бір себептермен бұл купюралар қолыңызда қалса, оны екінші деңгейлі банктер мен ұлттық банктің филиалдарында бір жыл ішінде айырбастап аласыз. Сосын 2021 жылдың ақпан айына дейін Ұлттық банктің кез-келген бөлімшесінде айырбас жасауға болады”, – дейді ҚР ҰБ қолма қол ақшамен жұмыс бөлімінің жетекшісі Тоғжан Әбішева.

Ұлттық банк мұны жалған ақшалардың алдын алу үшін 6-7 жыл сайын ауыстырып отырады. Бірақ ескі мың теңгеліктің енді төлем құралы ретінде пайдаланылмайтынын жұрттың бәрі білмейтін болып шықты. Сатушылар да халықтың хабарсыз екенін айтады.

“Иә, бір ай бұрын оқығанмын  бұл туралы. Сосын онша мән берген емеспін. Меніңше, бұл дұрыс емес. Себебі мұндай насихатты ертерек, ең құрығанда бір жыл бұрын бастау керек еді. Адамдардың көбі бұл хабарды білмей, бізге ескі ақша әкеліп тұратын болады”, – дейді дүкен сатушысы.

Қолма қол ақшасыз есеп айырысу әзір енгізілмейді. Өйткені халық ақша ұстау әдетінен арылмаған. Бірақ Ұлттық банк өкілдерінің айтуынша, соңғы 10 жылда қолма қолсыз сауда жасау 6 есеге артқан. Тек 2015 жылы 600  трлн теңгеге карточка арқылы сауда жасалған.


Жіберіп алмаңыз:

Дінтанушылар: Зират түйе өркешінен биік болмауы тиіс

Uber қызметкері алғашқы жұмыс күнінде-ақ жыныстық бопсалауға ұшырағанын айтты

Түркияда Дональд Трамптан аумайтын адам табылды

Некесіз секспен айналысқан мұсылман әйеліне 26 рет дүре соғылды (фото)

Талқылау