Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда науқас өлімінен соң жабылған емхана желіде науқан жүргізіп жатыр

Алматыдағы Noa Esthetigue жекеменшік емханасы 30 жастағы науқас өлімінен соң ресми түрде жабылған болатын. Алайда желіде әйелдерге жаңа науқан жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі. 

“Иә, біз жабылдық. Осы жағдайға байланысты. Қашан ашылатынынымыз белгісіз. Тергеу жүріп жатыр”, – деген еді 31 арнаға NOA Esthetique пластикалық хирургия мен косметология емханасының басшысы Гүлмира Кобыландина.

Қазір тергеуге байланысты қолы бос емес екенін айтты. Алайда Instagram-дағы ресми парақшасында бірнеше науқан жарияланды. Қыздарға “кәсіби күтім” бағдарлама жариялады. Бағасы 40 мың теңге. Оған тазарту, пилинг, лифтинг кіреді. Одан бөлек иекке липосакция мен блефаропластика жасайтын “Әдемі бет” бағдарламасына жеңілдіктер айтылды.

“Бағдарламаны Анастасия Цой, дәрігер Хамт пен Албаева Лаура жүргізеді”, – делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, 30 жастағы алматылық әйел жеке меншік клиникалардың бірінде мастопексия, яғни кеудесін тарттыру бойынша пластикалық ота жасатқаннан кейін ауруханаға түскен. Арада бір ай өткеннен кейін 8 қазанда ол қайтыс болды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау