Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Науқас бойжеткен елдің жинап берген қаражатын қатерлі ісікпен ауыратын балаға аударды

Алиса Күлдебаеваны қайырымды адамдар құтқарып алып, оған өмір сыйлаған еді. Енді бүгін Алисаның өзі құтқарушыға айналды.

vvvv

Бұл туралы “Евразия” арнасы хабарлайды.

Бойжеткен өзіне қазақстандықтар жинап берген жарты миллион қаражаттың барлығын Әлжан Әлиевтің отбасына берді. Бұл он жасар баланың миында ісік бар. Оған жедел түрде қымбат операция жасалуы керек. Бірақ ата-анасында ақша жоқ. Қалалықтар Алисамен бірге сұлулық салонында қайырымдылық акциясын өткізді. Ал жиналған ақшаны баланың есеп-шотына аударады.

“Мен бүгін Әлжан Әлиевті қолдау үшін келдім. Және қазақстандықтарды оны және ауру балаларды қолдауға шақырамын. Өтініш, оған көмек қолын созыңыздар. Мен өзім мен үшін жиналған 500 мың теңгені аудардым. Маған қарағанда оған ақша қажетірек”, – дейді Алиса Күлдебаева.

Алисаның өзі де аяққа әзер тұрды. Қатты күйік шалған 27 жасар бойжеткенді еріктілер жаралы күйде жатқан жерінен саябақ маңынан тауып алған еді. Қарапайым адамгершіл жандар оны ауруханаға жеткізген.

“Бізге көмектескені үшін Алисаға көп рахмет айтамыз. Өзіне жиналған ақшаны бізге аударып отыр. Біз үшін бұл үлкен көмек. Өзінің жағдайына қарамастан ол бізге көмектесіп жатыр. Оған зор денсаулық, тек жақсылықтар тілейміз. Біз үшін көмектесіп, қолдап жатқан жандардың бәріне алғыс айтамыз”, – дейді Әлжанның анасы Мария Бәйменова.

Жіберіп алмаңыз:

Роналду чемпионатта алған сыйақысын қатерлі ісікпен ауыратын балаларға аударды

Елордалық полицейлер Ақтөбеде қаза тапқан әріптестерінің отбасына 11,5 млн теңге аударды

Талқылау