Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Натанның Балқаштағы концертінде оқыс жағдай орын алды (видео)

Натан Мировтың Балқашта жасаған концерті кезінде оқыс жағдай орын алды.

_normal

Фото: sobaka.ru

Әншінің Инстаграмдағы ресми парақшасында оқиғаның бейнежазбасы да жарияланды. Онда әнші фанаттарының бірі сахнаға шығып, әншіге қарай жүгіре жөнеледі.

Әншіге жетіп, оның қалтасына орамал немесе жейдеге ұқсайтын зат салып жіберген. Сосын сахнадан жылдам кетіп қалуға тырысады. Алайда оны қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуші құқық қорғау органдары қызметкерлері ұстап алған.

Ал әншінің тосын жәйтке қарамастан еш алаңдамастан ән айтуын жалғастыра берген. Әзірге бұл жағдайға қатысты құқық қорғау органдары нақты анықтама бермеді.

Талқылау