Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Наталья Слекишинаны зорлаған полиция қызметкері 10 жылға сотталуы мүмкін

Абақтыдағы тұтқын Наталья Слекишинаны зорлаған полиция қызметкері 10 жылға сотталуы мүмкін. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

yyfy-1

Қызметін асыра пайдалану, зорлау және азаптау деректері бойынша айыпталып жатқан Руслан Хакимовқа прокурорлар осынша мерзім сұрап отыр.

Ал тергеу қапасындағы әйелді зорлады делінген тағы үш адам сот отырысына тек куәгер ретінде қатысуда. Жәбірленуші тарап енді сол үшеуінің де сот алдында жауап беруін талап етіп отыр. Сонымен бірге, осы қылмысқа қатысты бесінші адам – түрме басшысының орынбасары да абақтыға тоғытылса дейді Слекишинаның адвокаты. Өйткені, ол Наталья Слекишинаның жоғарыға жазған талай арызын жолдан қайтарып, жауапсыз қалдырған көрінеді.

“Омарбеков деген абақтының бастығының орынбасары. Ол Слекишинаның арыздарын өтініш хаттарын жібермеген, жібермей отырған. Біліп отырып, солай істеген. Жасырған”, – дейді Н. Слекишинаның қорғаушысы Айман Омарова.

Оқи отырыңыз:

Қазақстанда ең сұранысқа ие мамандықтар рейтінгісі жарияланды

Қарағанды облысында прокурордың “сөз түсінбейтін топастарға” арнаған әні хитке айналды

Президент келерде жанталасқан қызылордалық шенеуніктердің көзбояушылығы жұртты ашуландырды

Талқылау