Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нашақор Петропавл вокзалында полиция қызметкерін соққыға жықты

Петропавл қаласындағы теміржол вокзалының көлік полицейлері нашақор ер адамды ұстады. Бұл туралы көліктегі ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

xw_1012767

Сурет vesti.ru

Петропавл қалалық теміржол вокзалының Желілік полиция бөліміне жеткізілгенде, Орал қаласының 28 жастағы тұрғыны Петропавл қалалық ЖІІБ криминалдық полиция бөлімі жедел уәкілінің мұрнын бұзды. Медициналық куәландыру қорытындысы бойынша, ер адам ұсталған кезде есірткілік мас күйінде болған, синтетикалық каннобиноидтар (спайс) және опиоидтар (зертханалық дәлел кезінде) қолданғандығы анықталды.

Аталған факті сот алдындағы тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК-нің 380-бабы (Билік өкіліне қатысты зорлық қолдану) бойынша тіркелген.

Ұсталған ер адам Петропавл қалалық ІІБ-ның уақытша оқшаулағышына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Талқылау