Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

NASA Жердегі тіршілікті екі минутта көрсетіп шықты (видео)

NASA агенттігі Жердің ғарыштан, бір жарым миллион шақырым қашықтықтан түсірілген бір жылдық тіршілігін екі минуттық роликке сыйдырды.

ымымымым

Сурет dayfun.ru

Бейнеролик DSCOVR жер серігінің EPIC ғылыми құралы түсірген көріністерден жасалды. Аппарат Жерді бір жыл бойы әрбір екі сағат сайын суретке түсіріп отырған.

DSCOVR – ғарыштағы ауа райын болжауға арналған жер серігі. Ол 2015 жылдың ақпанында SpaceX компаниясының Falcon 9 зымыран тасығышының көмегімен Канаверал мүйісінен ұшырылды.

Талқылау