Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

НАСА ғалымдары Күннен салмағы 100 есе басым жұлдыздарды тапты

Астрономдар әрқайсысы Күннен 100 есе салмағы жоғары тоғыз бірдей жұлдыздарды тапты. Ғалымдар олар күнге қарағанда салмақты ғана емес, әрі жарық деп отыр.

16

Сурет: lfly.ru 

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

R136 шоқжұлдызындағы тоғыз ірі жұлдызды табу Хаббл орбитальдық телекопының көмегімен жүзеге асқан. Ғалымдар олардың дәл қазіргі сәттегі ең салмағы ауыр әрі танымал жұлдыздар екенін анықтаған.

Ғалымдар тобының ашқан бұл жаңалығы толығырақ Британ королдік астрономиялық қоғамының жыл сайынғы есеп беру жиынында айтылмақ.

R136 жұлдыздар шоғыры жерден 170 мың жарық жыл қашықтықта жатқан Тарантул тұмандығында орналасқан. R136 жұлдыздар шоғыры салмақты, жарық әрі ыстық жас жұлдыздардан құралған. Астрономдарды ол жұлдыздардың салмағы ғана емес, күнге қарағанда 30 миллион есе жарық екені таңқалдырған. Алып жұлдыздармен қатар олар Күннен 50 есе салмақты жұлдыздар ондығын да анықтай алған.

Талқылау