Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нарық қатысушылары: Қазақстандық эфирден шетелдік арналар алынуы мүмкін

 Кабельдік телеарналар бойынша нарықтағы белсенділер, 2016 жылдың  1 қаңтардан бастап шетелдік арналардан тарайтын жарнамалар Қазақстан аумағында көрсетілмеуі керек деген заңның аясында , кабельдік желіден шетелдік арналар мүлдем алынып тасталынуы мүмкін дейді.

арна

«Атамекен»  Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жиынында  бекітілген заңның аз уақыттың ішінде күшіне енетініне байланысты мәселелі  сұрақтар талқыланды.

Жарнамалардың өзі заңға қарай бірнеше түрге бөлінеді. Бәріміз көрермен ретінде жарнамалар көріп отырған бағдарламаңызды бөліп жіберетінін білеміз. Бұдан бөлек графика,жүгіртпе,қосымша жазба ретінде де жарнама жасай беруге болады. Тағы бір түрі көріп отырған бағдарламаның ішіндегі жарнама. Мысалы адамдардың киіміндегі жазу. Футбол ойыны кезіндегі алаңдағы жазбалар. Соңғы осы екеуін эфирден қалай алып тастай аламыз?-деген сұрақ қойды  «телерадиотаралым операторларының ассациациясы»басшысы Саят Нұрахметов.

Қатысушы операторлардың бірі осы мәселеге байланысты шетелдік арна басшыларымен сөйлескенін де айтып өтті.

«АлмаТВ» бас директорының орынбасары Андрей Вагнер: “Discovery және Eurosport Қазақстанда болды. Олар бұл мәселе өздеріне қосымша жұмыс, деп атады. Қазір біздің келіссөздің басында олар Қазақстан аумағында жұмыс істеуді тоқтатады ма ? деген сұрақ тұр. Ал спорт арналары болса  тікелей эфирдің қай жерінде жарнама шығып қалатынын білмейді.  Бағдарламалардың анонсы бар. Шындап келсек ол да жарнама. Ал біз осындай әр бір затты қосымша жауапкершілікпен алаберетін болсақ қызымет ақымыз өседі. Осыдан кейін көпшілік  пираттық  байланыстарына қосыла бастайды”.

Жиналғандар жарнаманы толықтай телерадио эфирден мүлде алып тастау мүмкін еместігін жеткізуге тырысты.

«Қазақтелеком» компаниясының өкілі Анар Омарова заң күшіне енуге аз күн қалғанын. Бірақ, оған ешқандай операторлар дайын еместігін айтып өтті.

«Біз бәріміз қазір заңды бұзуымыз керек немесе  барлық шетелдік арналарды өшіріп ақшасыз қалуымыз керек. Заңның күшіне ену уақытын ұзарту керек сияқты. Себебі жаңа жылда елдің барлығы демалысқа шығады. Сол кезде теледидар көп қаралады.»-деді Анар Омарова.

 

Талқылау