Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Намысыма тисе үндемей отыруым керек пе?” Жорабаева дөрекілігі үшін сынағандарға жауап берді

Осыдан бірнеше күн бұрын Алтынай Жорабаеваны инстаграмдағы тікелей эфирде дөрекі сөйледі деп көпшілік айыптаған болатын. Оқырмандарының біріне ашулы күйде жауап қатқан әншіні Қазнет қызу талқыға салған еді. Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісіне сұхбат берген Жорабаева, ғаламторда тараған қауесеттің қалай өрбігенін айтып берді. Әншінің сөзіне сенсек, желідегілер жеке өміріне тіл тигізген екен.

жорабаева алтынай

«Оқырмандарым жекеге жазып, тікелей эфирге шығуымды өтінеді. Содан тікелей эфир шығып, әңгімелесіп көңілді отырдым. Негізі жеке өміріме, отбасыма байланысты сұрақтар көп келеді. Сонда былай сұрақ қойды. Сәбит келіп тұра ма? Сәбитті сағындың ба, дейді. Қайта-қайта сол сұрақты қоя береді. Мен енді мән бермеген сыңай танытып, ондай сұрақтарды өткізіп жіберіп отырамын. Тікелей эфирде отырып ондай сұрақ қойғандарды бірден қара тізімге енгізе алмайсың. Содан мына жерде отырған ер азаматтар дөрекі сөйлемей, адамның жеке өміріне араласпай шығып кетсеңіздер болар еді деп бір-екі рет айттым.

Сол кезде маған: «Сен көп сөйлемей сұраққа жауап бер» – дейді. Сол кезде айттым. «Пошел вон» деген сөзде тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын. «Жоғал ары» немесе «шығып кет» деген сөз ғой мысалға. Мен оған боқтық айтып жатқан жоқпын деп ойлаймын. Оны желідегілер үдетіп жіберген. «Атың шықпаса жер өрте» дейді ғой. Мен оны бір дөрекі сөз деп айтпас едім. Менің намысыма тиген сөздерді көтеріп отыру керекпін бе? Көңілді отырсаң тағы жақпайсың. Сәл бір салиқалы кейіпте жүрсең, мынаның көзінде мұң бар деп тон пішіп жатады», – дейді Алтынай Жорабаева.

Алтынай орынсыз сауал жолдайтын оқырмандарынан шаршағанын айтады. Әншінің ендігі өтініші, ар-намысқа нұқсан келтірмесе дейді.

«Мені шаршатқан сауал отбасылық жағдайым жайлы. Ертең сенің алдыңда не күтіп тұрғанын ешкім білмейді ғой. Адам отбасын құрған кезде ажырасамын деп құрмайды. Бірақ әйел адам ер адамнан бір саты төмен тұру керек. әйелдің міндеті бала-шағасына дұрыс тәрбие беру және адал болу. Біздің оңтүстіктің тәрбиесі басқа ғой. Ары қарай айтудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Бір кісінің ел алдындағы абыройына ұят келеді. Мен ол кісі аман болсын деймін. Өйткені бұл өмір. Кімнің басына келмей жатыр. Ажырасудың себебін сұрайды. Мен оны айтпаймын ғой. Ол Сәбит екеуміздің арамыздағы қалған әңгіме», – дейді Алтынай.

Алтынай бүгінде бақытты екенін жеткізді. Сондықтан болар, көпшіліктің барлығына бірдей ұнауға тырыспайды.

«Кейбіреулер осы-ақ шаршатты деп жазады. Егер шаршатсам, сізге көмектесейін деп тыныш қана қара тізімге енгізіп жіберемін. Сынсыз адам болмайды. Сынға ілікпес үшін, сен ешкім болмауың керек. Сен туралы ешкім жағымсыз сөз айтпас үшін, өзіңмен-өзің жүрген адам болу керексің. Біз енді сахнаға шығып жатырмыз. Халықтың алдында жүрміз. Бұл қалыпты жағдай. Құдайға шүкір, басымыз аман! Бала-шағам өсіп жатыр. Мені сүйетін халқым бар. Енді жүз пайыз халыққа ұнау мүмкін емес. Елу пайызға ұнасаң сол жеткілікті», – дейді әнші.

Бүгінде Алтынай Астанада тұрады. Айта кетейік әнші мен Сәбит Әбіхалықовтың ортақ некесінен төрт қызы бар.

Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады!

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау