Нағыз патриоттарға арналған киімдер мен аксессуарлар

Жұма, 1 Сәуір , 2016 10:31

Патриоттар деп елі мен жерін сүйетін, мылтық асынбаса да, оның мүддесін өзгелердің алдында қорғай білетін жандарды айтамыз. Дәл қазір бұл ұғым әлеуметтік белсенділік пен болашағын тек өзі туып-өскен елімен  байланыстырумен, отандық өнімдерді насихаттауымен көрініс табуда.

3

Біздің елімізде мұндай жандардың қатары көп. Олар өздерінің туындыларына қазақы нақыштағы ою-өрнектер мен түрлі бұйымның суреттерін қосуға тырысады.

12555999_912942725468391_576514575_n

Сөмке – 35 000

2

Қап – 4 000, әмиян – 11 000, белдік – 15 000

3

Телефон қабы – 4 000 теңге, әмиян – 11 000 теңге

4

Барсетка – 20 000 теңге

Мұқажан Алмас Амангелдіұлы аталған кәсіп түрімен алты жылдан бері айналысып келеді. Осы уақыт ішінде сапасы артып, тапсырыс көбеймесе, еш азаймаған. Басты мақсаты – әлемдік деңгейдегі бренд өнімдерінің сапасымен пара-пар заттарды халыққа ұсыну. Ұсынып қана қоймай, болмысымызға тән ою-өрнектермен толықтыру. “Менің мамандығым суретші-дизайнер. Бұл ісіпен айналысуды мен кішкентай кезімнен армандадым. Атам Мұқажан өнер адамы болса, әкем еліміздің атақты зергері. Брендті осылай атауыма атам себепші болды”, – дейді Алмас. Өнімдері тек сапалы емес, қазіргі заман үлгісіне сай жасалған. Дағдарысқа қарамастан, заттары еш қымбаттамаған. Таза былғарыдан жасалатын әмияндары 9 900 теңгеден басталса, арқаға асатын сөмкелері 25 000 теңге тұрады.

5

Көйлек – 75 000 теңге

6

Күрте – 50 000 теңге

7

Футболка – 6 800 теңге

8

Свитшот – 20 000 теңге

“Менің музам – менің жарым” дейтін сәнгер Камила Курбанидің соңғы кезде талғамы өзгерген. Қазір спорттық үлгідегі киімдері Алматы, Астана қаласының көрікті жерлерінің суреттерімен толықтырылған. Бұдан өзге еліміздің көрікті жерлері бейнеленген күртелер де бар. Сәнгер Курбанидің ерекшелігі шетел сәнін біздің болмысымызға икемдей алатынында.

9

Көйлек – 150 000 теңге

11

Көйлек – 280 000 теңге

Қазақы нақыштағы көйлектердің барлығы Меруерт Қоңырбаева есімді аруға тиесілі. “Жасауды жеті жастан жинасаң жетеді, Алты жастан жинасаң асады” дейтін бойжеткен қалыңдықтардан көмегін аямайды. 

12

13

14

“Mimioriki Astana” Қазақстандағы балалар киімінің алғашқы бренді. Киімдердің барлығы дерлік бүлдіршіндерге арналып тігіледі.

1

Футболка – 3 370 теңге

2

Олимпийка – 10 890 теңге

825

Футболка – 3 370 теңге

Балаларға арналған креативті суреттері бар киімдер “ARMAN Children’s wear” брендіне тиесілі. Киімдер өте ыңғайлы әрі бағасы да қолжетімді.

15

16

Бір қарағанда кітап секілді көрінетін клатчтарды  “redbee” бренді жасап шығарған.

17

Свитшот – 15 000 тг

Бір сәнгер Абай Құнанбаевтың есімін клатчтарға жазса, енді бірі суретінен иллюстрация жасап, жемпірлерге салған. Жоғарыдағы жемпірдегі суретті Лемара Ыдырысова салған екен. Бұл киім “Hey, Baby” брендіне тиесілі.

3

Свитшот – 15 000 теңге

1

Свитшот – 15 000-23 000 теңге (матасына байланысты бағасы өзгереді)

image

Свитшот – 15 000-23 000 теңге (матасына байланысты бағасы өзгереді)

“Yetar” брендінің дизайнерлері ұлттық нақыштағы суреттерді свитшоттар мен футболкаларға салған.

6

01

image

5

3

“Aigul Line” компаниясы Швейцария мемлекетінің қолдауымен құрылған. Өнімдері толықтай киізден әзірленетін мұндай компания Қырғызстан, Тәжікстан сынды мемлекеттерде де бар. Аталған компанияның жетекшісі Айгүл Жансерікова адамдарды жұмысқа тарту мақсатында тек ауыл өнімдерін пайдалануға тырысқан екен.

11142852_1589369494636825_987820394_n

11111312_881550555241676_630536840_n

11138052_803328483081681_1715228132_n

11123667_1015158975162805_1489099798_n

“Сымбат” сән академиясы – жеңіл өнеркәсіп орны, бірыңғай шығармашылық және өнеркәсіптік ұйым. Қазақстандық және әлемдік жоғарғы деңгейдегі сән арасындағы көпір іспеттес болған. Қазақтың ұлттық киімін соны туындылары арқылы төрткүл дүниеге паш етіп жүрген бірден бір холдинг болып саналады. Ол өзінің өнімдерін безендіретін Шығыстық, сондай-ақ қазақы нақыштағы ою-өрнектерімен Ресей, Еуропа және т.б. сәнгерлерін таңқалдырып, өзіндік бет-бейне қалыптастыра білген. Жоғарыдағы киімдердің дизайнін құрастырған “Сымбат” сән академиясының шәкірттері мен қызметкерлері.

3

4

6

“Құрақ көрпе” бренді осылай аталғанына қарамастан, негізінен киімдер тігеді. Киімдеріне құрақ көрпенің элементтері мен оюлар салынған. Түстері ашық әрі арық қыздарға да, толық қыздарға да жарасады. Киімдерінің басты ұтымдылығы осы жерде болса керек.

1

Мойынорағыш – 4 500 тг

2

Мойынорағыш – 4 500 тг

Әдемі мойынорағыштар “Nomad souvenirs” брендіне тиесілі.

Естеріңізге сала кетсек, нағыз патриоттарға арналған қазақы әшекей бұйымдар туралы жазған болатынбыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

11
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Мундай киимдер Кыз келиншектерге унамауы мумкин емес.Бирак багасы кымбат.

  • Жұмбақ жан says:

    Бағалары әрине жоғары екен. Бірақ ұнады. Маған әсірес мойынорағыштар,сөмкелер және киізден жасалған бұйымдар оның ішінде падьто ұнады . Күшті. . Алматы мен Астанада ғана сатылымдар жасамай,басқа қалалардан да көбейтсе. Кей кезде іздесең таппайсың.

  • Жұмбақ жан says:

    Неге сонша кымбат. Өз елимиздики деген аты ғана. Әдемі алып киюши едик қымбат өте кымбаттт

  • Жұмбақ жан says:

    Неге қарапайым халыққа арнап шығармасқа?Бағалары тым қымбат. Әр қалада арнайы сатылатын жерлері бар ма?

  • Анар says:

    Бұл тауарларды қалта көтере алмайды-ау. Күміс бұйымдарда солай( Бұндағы ою-өрнектер эксклюзив емес, ата-бабамыздан келе жатқан қазына. Неге сонша қымбат сатады. Мен түсінбеймін….

  • Жұмбақ жан says:

    Неге арзан екен.

  • Жұмбақ жан says:

    Әрине керемет дүниелер. Бірақ тым қымбат.

  • Атырау says:

    Бұндай киімдерді ең бай өлке деген Атыраулықтар да ала алмайды. Өзге өңірлер туралы тіпті айтпай-ақ қояйын. Сонда кімдер үшін тігілген? Тек бай адамдар ма?

  • Жұмбақ жан says:

    Арине кымбат.

  • Құралай says:

    Қарапайым халыққа өте қымбат. Қалталылар алар бәлкім.

1 2

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар