Нағыз патриоттар сатып алғысы келетін 7 зат (фото)

Қазақстан нарығында қазақы брендтер саны күн санап көбейіп жатыр. Себебі, ұлттық нақыштағы киімдер, бұйымдар мен заттарға деген сұраныс өте жоғары. Stan.kz сіздерге нағыз патриоттарға арналған заттарды нарықтағы бағасымен бірге  ұсынады.

Қазақы брендтер қалыптастыруға қарапайым кәсіпкерлерден бастап танымал әнші, әртістердің өзі ат салысуда. Солардың бірі, танымал тележүргізуші Жанат Бақыт. Ол “Жанат Бақыт сән үйі” дүкендер желісін ашқан. Мұнда кез келген қазақтың патриотымен деген азамат қалайтын заттар бар.

Қабырғаға ілетін сағат. Бағасы 16 000 теңге.

Мәсі. Бағасы – 20 000 теңге.

Қазіргі кезде жоғалып бара жатқан мәсіні осындай қазақы ою-өрнектермен безендіріп, қайта жандандыруда.

Көйлек. Бағасы – 25 000 теңге.

Тележүргізуші кәсібін қазақ қыздары мен әйелдеріне арналып тігілген көйлектер тігумен бастады.

Әмиян. Бағасы – 7000 теңге.

“Отан” сағаты. Бағасы – 7000 теңге.

Көлікке арналған қап. Бағасы – 21 000 теңге.

Қазақы брендтің қалыптасуына үлес қосып жүрген танымал әншілердің бірі – Роза Әлқожа. Ол ұлттық нақыштағы орамал тігетін “Мен сыйға тартқан орамал” дүкендер желісін ашқан. Оның орамалдары қазіргі қазақ әйелдерінің арасында сұранысқа ие.

Орамал. Бағасы – 3300 теңге.

Әнші Тамара Асар хоббиін кәсіпке айналдырған. Ол Қазақстан нарығына ерекше өрнектеліп, безендірілген самаурын ұсынды. Оның қазақы нақыштағы самаурындары Ресей, Түркия т.б шет елдерге де сатылып жатыр.

Самаурын. Бағасы – 60 000.

Бұдан бұрын, нағыз патриоттарға арналған қазақы әшекей бұйымдар, киімдер мен аксессуарлар туралы жазған едік.

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Құрметті оқырман! Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Жіберіп алмаңыз:

Қалдыбек Құрманәлі жұлдыз ауруына шалдыққан әншілердің бетпердесін ашты

Ақбота Сейітмағамбет: Дәуренді желіде бұғаттап тастағанмын, бірақ жүздесіп тұрамыз

Қалыңмал берген жоқ: Нұрбигүл Егізова келін болып түскен өңірдің елде жоқ салттары туралы айтты (фото)

Мөлдір Әуелбекова: Баян бізді ашық-шашық киінуге мәжбүрледі (фото)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
22.05.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар