Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нағыз қыран: Бекболат Тілеуханның әнін орындаған Қуандық Рахым елді таңдай қақтырды (видео)

Қуандық Рахымның негізгі мамандығы дәстүрлі әнші екенін халықтың бірі білсе, бірі білмес. Бүгінде эстрада жұлдызына айналған Қуандықтың жаны домбыраға, халық әндеріне, тарихымыздан сыр шертетін дәстүрлі әндерге жақын, деп жазады Stan.kz.

Ернар Айдар

Қуандық бір сұхбатында Бекболат Тілеуханды бала кезінен үлгі тұтатынын айтқан болатын. Тіпті, оған барлық жағынан ұқсағысы келетінін жасырмады. Бірнеше әйел алып, көпбалалы әке болғым келеді, деп те ағынан жарылды.

Ал күні кеше Қуандық екі жігіттің сүйемелдеуімен Тілеуханның орындауындағы “Елім менің” әнін шырқап, көпті таңдай қақтырды. Рахымның даусына тәнті болған тыңдармандар желіде мыңнан аса пікір қалдырып, оның өнеріне оңды бағасын берген.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Домбыраның құлағында ойнайтын @temirlan_yernat_official бауырларым ”Елім менің”-ге бір салдық ✊

Публикация от Қуандық Раxым️ (@kuandykrakhym_official)

“Нағыз қыран деп осыны айт”, “Шап, бауырым”, “Жарайсың”, “Осындай ұрпақтарымыз көп болсын, Алла тіл көзден сақтасын”, “Не деген талант, сөз жоқ”, – деп риза болды желідегілер.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау