Нағыз еркек деген кім? Нағыз еркектің бойында болуы керек 10 қасиет

Stan.kz ақпараттық агенттігі нағыз еркек деген кім, ол қандай болады және нағыз ер азаматтың бойында болуы керек 10 қасиетті ұсынады.

Нағыз еркек деген кім? Нағыз еркектің бойында болуы керек 10 қасиет

Психолог Михаил Лабковскийдің айтуынша, өз күнін өзі көре алатын азаматтар нағыз еркек.

Ер адам үйленген немесе бойдақ, жұмыссыз болуы мүмкін, бірақ ол тамаша күйеу және әке немесе баласыз жоғары кәсіпқой адам болуы ықтимал. Тағы бір ескерту, ең бастысы – еркектің қанша табатыны маңызды емес. Ол бойдақ болса – өзін асырай ала ма және әйелі мен балалары бар отбасылы адам болса – өз жанұясын асырай ала ма, міне сол маңызды. Егер өзін және отбасын асырай алса, онда ешқандай мәселе жоқ.

Ер адамның өмірінде махаббат болғаны маңызды. Оның өзін еркек ретінде қабылдап, өз өмірін ұнатқаны маңызды. Жалпы алғанда, табысты еркек өзін табысты сезінетін адам.

Сонымен, психолог Михаил Лабковский атаған нағыз еркектің бойында болуы керек қасииеттерге тоқталсақ.

1. Ол өзіне ғана сенеді.

Бір қызығы, қоғамның көзқарасы қанша өзгергенімен, нағыз еркек кім деген дәстүрлі түсінік мүлде өзгермейді. Және әйелдерге қарағанда, еркектерге өміршеңдікке, әлеуметтік-резонасты  табысқа жету әлі де маңызды. Мысалы, ер адам әкесінің немесе күйеуінің есебінен өмір сүретін әйелді қабылдауға дайын. Бірақ, жігіттер мектептен бастап тек өзіне сүйенуі керек. Бұл өзі үшін керек. Осыған байланысты, ұл балалардың аналарына жүгенді босатып, балаларына тәуелсіз болуды үйренуіне мүмкіндік беруге кеңес беріледі.

2. Ол өзін асырай алатын толыққанды адам.

Яғни, ол анасының, әйелінің немесе достарының етегіне жабыспайды. Және олар негізінде басқа адамдарды өзінің мәселесін шешудің жолы деп қарастырмайды.

3. Ол тәуелсіз.

Шын мәнінде, миллиондаған еркек бірден анасына және темекіге, көбінесе арақ пен есірткіге тәуелді болып қалады. Бұған да ата-ана кінәлі. Тәуелділікке деген бейімділік балалық шақта қалыптасады, және негізінен бұл – отбасында қолдау көрмегенге байланысты болады. Әсіресе, сенімсіздік танытқан және мүлтіксіз барлық жағынан бақылау жасаған жағдайда балада қандай да бір нәрсеге тәуелділік қалыптасады.

4. Ол көмек сұрамайды.

Әрине, еркек тек аса қажетті болған жағдайда ғана көмек сұрай алады. Бірақ үнемі біреудің көмегіне сүйеніп, өмір сүре алмайды.

5. Ол ымыраға келмейді.

Нағыз еркек шыдамды болады. Ол адамдарға және жағдайға қарай бейімделіп, көнбейді. Нағыз еркек адамдармен «болашағы» үшін ғана қарым-қатынас сақтамайды, жек көретін жұмысқа бармайды, сүймейтін әйелмен бірге өмір сүрмейді және жұбайы мен анасының арасында жалпақтап жүрмейді, сондай-ақ екеуіне де өзін алдап-арбауына жол бермейді.

6. Ол салыстырмайды.

Ер адам салыстырғанды ұнатпағанымен, бірақ биологиялық деңгейде әрқашан және барлық жерде салыстыратын болып жаралған. Дегенмен, табысты, әрі сенімді еркек осы үдерісті басқара алады және өзіңді кешегі күніңмен ғана салыстырудың барынша тиімді екенін біледі. Олар өзінен: «Бүгін мен кешегіге және бір жыл бұрынғы жағдайға қарағанда нені жақсы, неғұрлым тез, жоғары, күшті жасаймын?» деп сұрайды. Бұл өсу үшін нақты ынталандыруға және өзін мадақтауға себеп береді.

7. Ол өзін толығымен қабылдайды.

Әдетте, біздің қоғамда әрқашан өзіне көңілі толмайтындарды және кез келген нәтижеге қанағаттанып қарамайтын адамдарды құрметтеу керектігі белгілі. Ал, табысына мастанып, өзіне көңілі толатындарды жолы болмаған жалқаулар деп қабылдайды. Жалпы алғанда, осындай көзқарастың болғаны дұрыс, бірақ ер адам сыртқы келбетіне, сымбатына, мөлшеріне жақсы қарауы, қабылдауы керек. Бұл өзін қабылдау деп аталады, және ол «мүмкін маған аздап денемді қатайту керек шығар, мені ұзын деп атауға бола ма немесе менің бойым орташа ма? деген пайдасыз сұрақтардан әлдеқайда жақсы.

Еркек өзін қаншалықты аз жақсы көрсе және өзін толықтай қабылдамаса, ол басқаларды соншалықты аз жақсы көреді. Сондай-ақ, ер адамның өзіне деген сенімділігі төмен болса, оның жанындағы әйелге де шағымы көп болады.

8. Ол әйелдердің артынан жүгірмейді.

Нәзік жандыларды ренжітуден аулақпыз. Бірақ, нағыз мықты еркек болып қалыптасқан адам өзін қабылдағы келмейтін әйелдің артынан жүгірмеуі керек. Бұл оны жеке тұлға ретінде бұзады. Ол өзін жоғалтады, және мұның бәрі махаббатқа жанама байланысы. Егер, әйел сіздің ығыласыңызға жауап бермесе, оның мазасын алудың қажеті жоқ, басқасын табыңыз.

9. Ол орта жастағы дағдарыстан құтылып шықты немесе аз шығынға ұшырап өткерді.

10. Нағыз еркек әйелдің де өзі секілді, бірақ өзінен жақсырақ адам екенін біледі.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр