Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нағима Есентаева: Жан жарының жон арқасына пышақ салғанын кім болса да көтере алмас еді

Инста-парақшалар Бақытбек Есентаев түрмеден босап шығыпты деген ақпаратты желдей таратты. Істің ақ-қарасын Есентаевтың қарындасы ажыратып берді. Ол ағасына тілеулес болған жандарға алғыс білдірді, деп жазады Stan.kz.

Нағима Есентаева: Жан жарының жон арқасына пышақ салғанын кім болса да көтере алмас еді

Нағима Есентаеваның айтуынша, көптеген желі оқырмандары Бақытбек Есентаевтың босап шыққаны туралы жалған ақпаратқа сеніп, оған толассыз хаттар жолдаған. Алайда Есентаева халыққа алғыс айта отырып, мұны жоққа шығарды.

Оқырмандар арасында Бақытбек Есентаевтың қарындасына жағымсыз пікір жазатындар да жетерлік екен. Олар көп жағдайда, “өткен істі қазбалай береді” немесе “ағасы туралы жазып өзіне пиар жасамақ” деп айыптайды екен. Ондайларға Нағима Есентаеваның берер жауабы мынадай:

“Тас түскен жеріне ауыр дегендей”, бұл жағдай менің басымда болған соң, ағамды менен артық жақсы білмеген соң асыра сөйлеудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Иә, ақылын ашуға жедіріп алды. Түсінемін. Бірақ әрбір істеген қылмыстың әділ жазасы болмай ма? 2 жыл 6 ай болды осы жайында ойламаған не күнім, не түнім болған емес. Бір жүрегім шынайы қуанып, көңілім шынайы сергіген емес. Тек ойымда тұратыны неге, неге, неге деген сұрақ қана.

Өйткені ағатайым екеуміз кішкентайымыздан бірге өстік. Анасыз жетім өскендіктен болар, ол аналарға, жарына, әйел баласына, әпке-қарындасқа деген құрметі өте жоғары болды. Әбден соған үйреніп қалған мен әлі күйінемін. Неге? Сол құрметтеген жандарының біріне бола өміріне осындай ауыр жаза алды екен деп. Бірақ жаным деген жан жарының жон арқасына пышақ салғанын кім болса да көтере алмасы анық. Ендігі бір Алладан және көкірегі ояу, жүректерінде әділдіктің шоғы бар азаматтардың көзі түзу болса екен деп тілеймін”, – дейді Есентаева.

Нағима ханым ағасының босап шығуын тілегендердің “аузына май, астына тай” тіледі. Ал желі қолданушылары болса әлі де болса жақсылықтан күдер үзбеуге кеңес беріп, авторға қолдау білдірді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау