Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады

Сейсенбі, 1 Наурыз , 2016 13:13

Бүгін елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алғыс айту күніне арналған іс-шараға қатысып, барша Қазақстан халқын мерекемен құттықтады.

10958258

Сурет ҚР президенті ресми сайты

«Қадірменді қауым, сіздерді еліміз алғаш рет өткізіп отырған Алғыс айту күнімен құттықтаймын. Ағымдағы жылдың 14 қаңтарында мен 1 наурызды Алғыс айту күні деп белгілеу туралы Жарлыққа қол қойдым. Бұл мейрамның терең мағынасы мен мәні бар. 1 наурыз жалпы көктемнің бірінші күні, бәрімізге де көңілді күн, қыстан шыққан күн. 1 наурыз сан ғасырдан бері жалғасып келе жатқан ізгіліктің мерекесі, Наурыз мейрамы аталып өтілетін шуақты айдың басы», – деді Елбасы.

Сонымен қатар ҚР Президенті 1 наурыз бірлігіміздің бастауы болған Қазақстан халқы Ассамблеясы, отанымызды көркейту жолында барлық қазақстандықтарды ұйымдастырып келе жатқан саяси күш – «Нұр Отан» партиясының құрылған күні екендігін атап өтті.

«Қазақ халқына алғысын білдіріп жатқан әрбір ұлт өкілдеріне бізде алғысымызды айтамыз. Осындай ұланғайыр жерді, осындай елді бізге мирас қылып тапсырған, қан төгіп жерді алып қалған ата-бабаларымызға да бүгін алғысымызды айтамыз», – деді Н.Назарбаев.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар