Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мүсіннің кеудесінен ұстамақ болған бала ата-анасын шығынға батырды

19 мамырда АҚШ-тың Канзас қаласындағы үйлену тойы өтетін Overland Park қоғамдық орталығында келеңсіз оқиға орын алды.

Мүсінді құшақтап, кеудесін ұстаймын деген бала ата-анасын шығынға батырды

Бұл туралы Daily Mail хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Бес жасар бала танымал мүсінші Билл Лайонның аукционға қойылған шыны мен айнадан жасаған Афродита мүсінін құшақтаймын, деп құлатып алды. Енді оның ата-анасына сынған мүсін үшін айыппұл төлеуге міндеттелуі мүмкін.

Бес жасар баланың залдағы мүсіннің кеудесін ұстап, құшақтап тұрғаны бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бүлдіршін мүсінді өзіне тарта қалғанда, ол жерге құлап кеткен. Ал, баланың ата-анасы сол уақытта диванда әңгімелесіп отырған болатын.

Билл Лайонс өз туындысына 132000 доллар (42 732 233.1 теңгеден астам) шығын келтірді, деп бағалады. Танымал мүсінші, мүсін айырбасталмайды немесе енді қалпына келмейді, сондықтан оны сата алмаймын деп шағымдануда.

Сақтандыру компаниясының өкілдері бүлінген мүсінге балаларын қарай алмайтын ата-аналарды кінәлап отыр. Ал баланың ата-анасы болса, сол күні жазатайым оқиға болғанын және балаларының да осы жағдайдан зардап шеккенін айтуда.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау