Мүгедек бала 91 тобына алаңдаймын деп ауырып қалған

Жұма, 21 Қазан , 2016 14:13

Мүгедек бүлдіршін 91 тобына алаңдаймын деп ауырып қалған. Осыған орай, оның әкесі Санжар Мәдиевтен топқа қолдау көрсетуді өтінді.

горнепрнп

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

91 тобының айналасындағы дау әлі күнге дейін толастар емес. Бұрын-соңды жағымсыз пікірлермен шектелетін адамдар, енді аталған топтың өнер көрсетуіне кедергі жасап жатыр. Десе де, олардың шын жанкүйерлері күн сайын топқа арнап тосын сый жасауда. Жанкүйерлерінің бірі 91 тобына қатысты жағымсыз пікір білдірушілерге бола ауырып қалған екен. Осыған орай, бүлдіршіннің әкесі Санжар Мәдиевтен 91 тобына қолдау көрсетуді сұраған. Себебі, баласы Санжар Мәдиевтің де парақшасын қалдырмай оқып отырады екен.

“Қорытындылайтын уақыт келген сияқты. Бүгін маған бір адам өтініш жасады. Мүгедек баласының бұрынғысынан бетер ауырып қалғанын айтты. Мұның барлығына 91 тобына жасалып жатқан әділетсіздіктер әсер еткен екен. Осыған орай, бүлдіршіннің әкесі менен 91 тобына қолдау көрсетуімді сұрады. Себебі, ол менің де парақшамды қалдырмай оқып отырады. Өтінішін орындауға уәде еттім. Мен бұл жігіттерді қандай жағдай болмасын қолдайтын едім. Қазір барлығымыздың да жетісіп жүрмегенімізді түсінемін. Бірақ адамзат үшін оңай кезең болған емес. Соңғы кезде тым ашуланшақ болып, шектен шығып кеткен сияқтымыз.

Өткен-кеткенімізді еске алып, төсімізді қағатын дәрежеге жеттік. Ал өзіміздің түсінігіміз жетпеген нәрсені жамандап, жерден алып, жерге салуды шығардық. Бұл топтағы жігіттердің басқалардан өзгешеленетіні анық. Олар қазақ тілінде сөйлейді, әнді де қазақ тілінде айтады. Бұдан артық сіздерге не керек? Оларды көп адам тыңдайды әрі жақсы көреді. Оларға қарсылық танытып жүргендерге айтарым бар. Бір кездері “сіздер” кең шалбар киіп, тыйым салынған әндерді гитарамен орындадыңыздар емес пе? “Сектор Газа” тобының әнін тыңдаған сіздер емес пе? Ал бұл топтың әндерінде боғауыз сөздер ЭКСПО-ға жиналған қаржыдан да көп болатын. Тыйым салу үшін көп ақылдың қажеті жоқ.

Бүгін осы мәселеге қатысты көптеген пікір оқыдым. Арасында дін тақырыбы аясында өрбіп, артынша жеке тұлғаның намысын қорлаған пікірлер көп жазылған екен. Өте өкінішті. Бір-бірлеріңізге түсіністік танытыңыздар. Ал сүйікті тобы үшін алаңдаймын деп ауырып қалған балақайдың сауығып кетуін тілеймін. Жақсылықтың әрдайым жамандықты жеңетінін ұмытпа!”, – дейді Санжар Мәдиев.  Желі қолданушылары да өз кезектерінде актердің сөзін қолдай түсті. Арасында жағымсыз пікір білдіргендер де болды.


Жіберіп алмаңыз:

Жанкүйерлері Санжар Мәдиевке арнап ән жазды (видео)

Санжар Мәдиев: Депутаттардың өздерін саудаға салу керек

Әсел Сәдуақасова Санжар Мәдиевті айналдырып алды

Санжар Мәдиев Голливуд сахнасында ессіз ақынның рөлін сомдады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
08.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар