Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Мюзикола” тобының солисі Болат Сыздықов өмірден өтті

“Мюзикола” тобының гитарисі Болат Сыздықов өмірден өтті. Бұл ақпаратты оның жақын досы Асылбек Еңсепов растап отыр.

photo_184054

“Ол өте қайырымды, адамгершілігі мол адам еді. Біз онымен бірнеше жылдан бері таныспыз. Өкініштісі сол, ол біздің Батырхан Шүкенов қайтыс болған соң бір жылдан кейін көз жұмды. Бұған сене алар емеспін. Бәріміз есімізді жинай алмай отырмыз. Жақында ғана ол демалуға аттанып, аса көңілді жүрген. Ол үлкен концерт қоюды армандап, үлкен жоспарлар жасаған. Ол аңыз адам”, – деді Еңсепов.

303c2329746b9de41a205b0dcd90067b86c0

Сурет motor.kz

“Белгілі қазақстандық гитарист, компазитор және “Мюзикола” тобының әрлеушісі, “А Студио” тобының бұрынғы қатысушысы Болат Сыздықов 1956 жылы 21 маусымда Қарағандыда өмірге келген. Ол бала кезінен музыкамен айналысып, Александр Мажелянның ұстаздығымен джаз гитарасынан білім алып шыққан. Ол 16 жасында Қарағанды филормониясына қабылданып, “Гәкку” ансамблімен де бірге өнер көрсеткен.

20140911113157

Сурет inform.kz

1976 жылы ол Алматыға келіп “Гүлдер” ансамбілінде, “Арай” тобының құрамында еңбек етіп, Роза Рымбаевамен де бірге жұмыстар атқарды. 1992 жылдан бастап Карина Абдуллинамен бірге “Мюзикола” дуэтін құрып, елге танылды.

Ол 2012 жылы 5 желтоқсанда ел президентінің жарлығымен “Қазақстан Республикасының еңбекс сіңірген өнер қайраткері” атағын алған.

Талқылау