Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мюнхендегі оқиғаларға байланысты қазақстандықтардан өтініш түспеген

Мюнхенде тұратын қазақстандықтар қандай да бір көмек сұрап жүгінген жоқ.

85502_709196_1000x700

Бұл туралы “ҚазАқпаратқа” телефон арқылы Германиядағы ҚР елшілігінен хабарлаған.

Атап өтейік, соңғы мәліметтер бойынша, Мюнхендегі сауда орталығында болған атыс салдарынан қаза болғандардың саны тоғыз адамға жетті.

Полиция мәліметтері бойынша, тоғызыншы болып мерт болған адам шабуыл жасаған атқыштардың бірі болуы мүмкін. Оның асынатын қызыл сөмкесі болған, онда бомба болуы ықтимал, деп РИА Новости Бавария радиосының хабарын келтіреді. Өлген адамның денесі табылған жер қоршауға алынды.

Жұма күні Мюнхендегі “Олимпия” сауда орталығында, Карлсплатц алаңында және метро стансасы жанында атыстар орын алды. Әртүрлі мәліметтер бойынша, үштен он беске дейінгі адам құрбан болған. Полиция арнайы операция жүргізуде, қалада төтенше жағдай жарияланды. Қылмыскерлердің тұрғылықты жері және олардың дәл саны әзірге анықталған жоқ.

Талқылау