Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мюнхендегі атыстан кейін 21 адам ауруханаға жеткізілді

Мюнхендегі атыстан кейін 21 адам ауруханаларға жеткізілді, бірнеше жүздеген адамға мамандар оқиға орнында көмек көрсетуде, деп хабарлады қаланың құтқару қызметі.

1469210570-8193

Бұл туралы “ҚазАқпарат” хабарлайды.

“Жедел жәрдем ауруханаларға 21 адамды жеткізді. Бірнеше жүздеген адамға арнайы жабдықталған пункттерде мамандар тиісті көмек көрсетуде”,  – деп хабарлады Мюнхеннің өрт сөндіру қызметі.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, зардап шеккендер әртүрлі дәрежеде жарақаттарымен жеткізілген. Бұдан бұрын қала полициясы қаза болғандар саны 10 адамға жеткенін хабарлаған болатын, деп жазады РИА Новости.

Еске сала кетейік, атыс болды. Саны белгісіз (кейбір деректерде олар үшеу болуы мүмкін) сауда орталығы жанында және метро стансасында адамдарға оқ жаудырып, із жасырған. Қалада арнайы операция жүргізілуде.

ҚР-ның Германиядағы елшілігі қазақстандықтардан әзірге ешкім де көмек сұрап жүгінбегендігін атап өтті.


Жіберіп алмаңыз:

Мюнхендегі оқиғаларға байланысты қазақстандықтардан өтініш түспеген

Мюнхенде адамдарға оқ атқанның кім екені анықталды

Мюнхенде қаласында ірі атыс болды

Талқылау