Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мюнхенде тұратын қазақстандық қаладағы жағдай туралы айтып берді

Өзінің аты-жөні мен жұмыс орнын құпия ұстауды өтінген Мюнхен қаласындағы А. есімді Қазақстан азаматшасы кеше түнде атысқа байланысты ұзақ уақытқа дейін жұмыстан шықпай, қаладағы жағдайдың тынышталғанын күткен.

0303_2

Бұл туралы “ҚазАқпарат” хабарлайды.

“Абырой болғанда, мен оқиға орнынан алыс жүргенмін. Бірақ, түн ортасына дейін жұмыста отырып, көлікпен үйге қайттым. Жол бойы жағдайдың тынышталғанын байқадым. Кеше түнгі сағат 23.00-де қаладағы жағдай әбден тынышталды деуге болады.

Дегенмен, бірнеше полиция көлігі дабылын баяу қосып, көшеде жүрді. Патрульдер баяу жүріспен, қаладағы адамдарды қарап жүрді. Бүгін әзірге үйден шыққан жоқпын”, – дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Астана уақытымен кешкі сағат 22.00-де (Мюнхенде сағат шамамен кешкі 18.00 болған) Мюнхендегі “Олимпия” сауда орталығында, Карлсплатц алаңында және метро стансасы жанында атыс болды.

Соңғы мәліметтер бойынша, Мюнхендегі сауда орталығында болған атыстан қаза болғандардың саны тоғыз адамға жетті. Полиция мәліметтері бойынша, тоғызыншы болып мерт болған шабуыл жасаған атқыштардың бірі болуы мүмкін. Оның қызыл сөмкесі болған, онда бомба болуы ықтимал екені айтылған.


Жіберіп алмаңыз:

Мюнхендегі оқиғаларға байланысты қазақстандықтардан өтініш түспеген

Мюнхенде адамдарға оқ атқанның кім екені анықталды

Мюнхенде қаласында ірі атыс болды

Талқылау