Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мюнхенде адамдарға оқ атқанның кім екені анықталды

Мюнхен полициясының басшысы Губерт Андре тергеудің алғашқы ақпараттарымен бөлісті.

11921791_517516968402120_3501318081424056254_o

Бұл туралы “ҚазАқпарат” хабарлайды.

Мюнхен полициясы қала орталығындағы сауда үйлерінің бірінде адамдарға оқ атқан 18 жастағы тегі ирандық Германия азаматы екенін хабарлады. Губерт Андренің айтуынша, ол Германия азаматы және Мюнхенде бірнеше жыл тұрған.

Полиция өкілі күдіктінің өзі жалғыз қылмыс жасағанын және бұрын-соңды істі болмағанын айтты. Қарулы шабуыл жасаған адамды іздеу барысында полицейлер оның мүрдесін тапты. Оны полиция өлтірді ме, әлде өзіне қол жұмсады ма, әзірге белгісіз.

Еске сала кетейік, 22 шілде күні кешкі уақытта Мюхнендегі “Олимпия” сауда үйі маңында белгісіз біреу оқ жаудырып, тоғыз адам қаза тапты. Үш адамның шабуыл жасағаны туралы да ақпарат бар. Биліктің мәліметі бойынша, 20 адам жарақат алған, оның үшеуі ауыр халде жатыр


Жіберіп алмаңыз:

Мюнхендегі оқиғаларға байланысты қазақстандықтардан өтініш түспеген

Мюнхендегі атыстан кейін 21 адам ауруханаға жеткізілді

Мюнхенде қаласында ірі атыс болды

Талқылау