Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мысырға демалуға барған соңғы 300 саяхатшы елге жеткізілді

Олар Ресей ұшағының апатынан кейін демалмақ түгілі  ертерек елге оралуды ойлаумен болыпты. Себебі, пирамидалар елінде  туристер  демалыс аймағында әскерилер күзетімен жүріпті. Бұл туралы STAN.KZ  KTK  арнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

ауежай

Мысырдың Шарм-әл-Шейх қаласынан аман оралған азаматтардан аса бір алаңдаушылық байқалмайды. Барлығы демалысты ойдағыдай өткізіп келгендеріне риза. Десе де, ресейлік ұшақ апатқа ұшырағаннан кейін қала көшелерінің қаңырап, жағажайлардың жым-жырт болып қалғанын айтып отыр.

“Турист қалмады. Азайып жатыр. Украина, Польша келіп жатыр. Қалған елдердің бәрін тоқтатып жатыр”, – дейді Серік Әбдірахманов.

Туристердің айтуынша, қазір Мысырда қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Тәртіп сақшылары көшелерде күндіз-түні кезекшілікке тұрып, барлық жерлерге бақылау бекеттерін орнатқан. Осының бәрін көзбен көрген туристердің кейбірі ұшаққа мінуден жүрексініп қалғандарын жасырған жоқ.

“Шындығын айтсам, ұшаққа мінер сәтте біраз қобалжыдым. Демалыс деген аты болмаса, барлық жағдайға дайын жүрдік”, – дейді Светлана Литвина.

Әрине, әуежайда да қауіпсіздік шарасы күшейтілген. Мысыр сақшылары әрбір жолаушының қалтасына дейін қарап, жүктерін ашып тексеруде.

Қазір пирамидалар еліне ағылатын саяхатшылардың саны сап тыйылған. Себебі Ресейлік А321 ұшағы апатқа ұшырағаннан кейін көптеген шетелдіктер бұл елге барудан бас тартып жатыр. Тіпті біздегі әуе компанияларының да Мысырға ұшуына уақытша тыйым салынды. Бұл шектеулердің әзірге қанша уақытқа дейін жалғасатыны белгісіз.

 

Талқылау