Мысырдың Александрия кітапханасында қазақ жерінен шыққан ғалымдар туралы айтылды

Сәрсенбі, 6 Сәуір , 2016 18:57

3-4 сәуір аралығында Мысырдың әйгілі Александрия кітапханасында Асьют университеті мен осы кітапхананың бірлесіп ұйымдастыруымен «Мәуренаһр елдерінің ислам өркениетін дамытудағы рөлі» тақырыбында халықаралық конференция өтті.

Безымянный

Сурет: www.factruz.ru 

ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, іс-шараға Мысыр және басқа елдерге танымал Ислам және Орталық Азия елдерінің тарихын зерттеуші ғалымдар, академиялық қайраткерлер, сондай-ақ Каир қаласында аккредиттелген Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстанның дипломатиялық миссияларының басшылары мен өкілдері қатысты.

Қатысушылар Мәуренаһр елдерінен шыққан атақты адамдардың өмірі мен ғылыми шығармашылығына арналған зерттеулері мен баяндамаларында ортағасырлық Орта Азия ғалымдары еңбектерінің ислам өркениетін байытуға, араб тілі мен әдебиетін, философия, теология және жаратылыс тану ғылымдарының дамуына және бейбітсүйгіш ислам дінін тарата отырып, адамзаттың ортақ құндылықтардың сақталуы мен артуына қосқан үлестерін жан-жақты ашып көрсетті.

Өз баяндамасында Қазақстанның Мысырдағы Елшісі Берік Арын қазіргі Қазақстан жерінен шыққан, ислам өркениетіне баға жетпес үлес қосқан Әбу Насыр Әл-Фараби, Әбу Ибрахим Ысқақ Әл-Фараби, Әбу Насыр Әл-Жауһари, Хусам Ад-Дин Сығанақи, Ахмед Ясауи және басқа да атақты ғалымдардың өмірі мен шығармашылығы жайына тоқталды. Ол қатысушыларға осы ғалымдардың есімдерін мәңгі есте қалдыру, еңбектерін  зерттеп, жарыққа шығару бағытында Қазақстан Үкіметі жасап жатқан шаралар жайынан толық мағлұмат берді.

Осы орайда қазақстандық дипломат 2004 – 2011 жылдар аралығындағы кезеңде Қазақстан Президенті Нурсултан Назарбаевтың бастамасымен іске асырылған, әлем кітапханаларынан қазақ халқының тарихы, этнографиясы мен өнері туралы мыңдаған құнды мұрағаттарды табуға мүмкіндік берген  «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламаның нәтижелері туралы мәлімдеді.

Конференция барысында елші Александрия кітапханасы мен Асьют Университеті кітапханасының қорына Қазақстанның тарихы мен бүгінгі дамуы туралы араб және ағылшын тілдерінде жарық көрген кітаптарды, солардың қатарында Елбасының Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуына арналған еңбектерінің жинағын, сондай-ақ қазақ ақын-жазушыларының әдеби шығармаларын, атап айтқанда, Абай Құнанбаевтың, Ілияс Есенберлиннің, Немат Келімбетовтың туындыларын сыйға берді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар