Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мысырдан келген жігіт өзінен 9 жас үлкен қостанайлық әйелге ғашық болып қалған

Мысырдан келген Халид есімді жігіт қостанайлық әйелмен бірге тұрып жатыр. Ол өзінен 9 жас үлкен екі балалы әйелге ғашық болып қалған.

Халид оның қысқаша аты. Қостанайлық Самирамен Астанада танысқан. Самирана дүкенде көріп ұнатқан, деп жазады Қостанай жаңалықтары.

“Мен ол кезде ұзын көйлек киіп жүрдім. Сырт клбетім де өзге ұлтқ ұқсайды. Әкем – армян, анам – неміс. Халид мені иран әйелі екен деп қалыпты. Дүкенде таныстық. Телефон нөмірін қалдырды. Кейін мен хабарласып, солай сөйлесіп кеттік”, – дейді Самира.

Халид орыс тілін, Самира ағылшын тілін нашар білсе де, екеуі ортақ тіл табысты. Халид француз, ағылшын, араб, парсы, италья тілін меңгерген нағыз полиглот. орыс тілін де аздап біледі.

“Бастапқыда қатынасымызға сенімсіз болдым. Менің жасып 37-де, оның жасы 28-де. Менің 19 және 14 жастағы балам бар. Бірақ қазір дұрыс таңдау жасағанымды, Хадилтің менің адамым екенін түсіндім. Ол өте тәрбиелі адам”, – дейді Самира.

Халид 2018 жылдың ақпанында Қазақстанға біржола келеді. Сол сәттен бастап көші-қон қызметінде қиындықтар туа бастайды. Мекен-жайы белгісіз болғандықтан полицейлер көп тексереді. Осылайша Мысырға үш рет  барып қайтқан.

Бүгінде Қостанайдағы оқу орнына бағдарламашы мамандығы бойынша оқуға түскен. Сөйтіп елде қалуға рұқсат алған. Самирамен де заңды түрде некесін  қиды.

“Қостанай – таза қала. Америкада немесе Францияда секілді емес. Ол жақта атыс-шабыс көп”, – дейді Халид.

Халид бүгінде лайықты жұмыс іздеп жүр. Ал, самира Халидтің ата-анасымен телефон арқылы сөйлесіп тұрады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау