Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мысырдағы қазақ студенттерінің ісін министр қолға алды

Каирде қамауға алынған отандастарымызды қорғауға еліміздің Сыртқы істер министрінің өзі кірісті, – деп хабарлайды КТК арнасы.

d24e4bb7d3764eef936f56a9f4b38f2e_crop_l_95_t_45_w_794_h_446-1

Қайрат Әбдірахманов бүгін мысырлық әріптесі Самех Шукримен сөйлесіп, абақтыда отырған студенттеріміз жайлы ақпарат алуға тырысты. Бірақ, нәтижесіз. Өйткені, ондағы дипломаттар да отандастарымыздың қолына не үшін кісен салынғанын білмейді екен. Бірақ тез арада мән-жайды анықтап беруге уәде етті.

Айта кетейік, Каирге Араб тіл үйрену үшін барған алты отандасымыз сегіз күн бұрын Мысырдың қауіпсіздік қызметінің өкілдері қамауға алған болатын. Сыртқы істер министрлігі әзірге олардың екеуінің аты-жөнін атады. Олар Қанат Берік пен Еламан Жазылхан. Ал, студеттерді не үшін ұстады және алты бірдей отандасымыз қандай күйде, ол жағы әлі де белгісіз күйінде қалып отыр.


Жіберіп алмаңыз:

Ұшақ апатында қаза тапқан жігіттің сүйегін мәйітхана туыстарына бермей отыр

Кінәсі дәлелденбеген қостанайлық дәрігерлер ақталып шықты

Дәрігерлер: Иттен жұғатын аурулар мүгедектіктен адам өліміне дейін апаруы мүмкін

Талғар қаласындағы мейрамханада құрттап кеткен котлет берген (фото)

Талқылау