Мысыр пирамидалары Ресей, Франция және Ливан мемлекеттері туының түсімен боялды

Дүйсенбі, 16 Қараша , 2015 11:46

15 қарашада лаңкестік әркеттер мен авиа апат нәтижесінде өз азаматтарынан айрылған елдерді қолдау, көңіл айту ниетімен  Мысыр пирамидалары Ресей, Франция, Ливан мемлекеттерінің туларының түсімен боялды. Бұл туралы ТАСС хабарлайды.

1

 

Еске алу акциясы жергілікті уақытпен сағат 22:30-да Каирда пирамидалар етегінде орналасқан Гиза үстіртінде басталды. Ресей, Франция, Ливан елдеріне тілектестігі ретінде  пирамдаларда тулардан бөлек  орыс, француз, араб тілінде көңіл айту  жазбалары  да болды.

Мысыр елінің туризм министрі Хишам Заазуаның  айтуынша, бұл акция  лаңкестіктен жапа шеккен барлық елдерге, сонымен қатар Франция, Ливан және Ресейдегі қайғылы апаттың құрбандарын еске алып, қаза болғандардың отандастарына, туыстарына көңіл айту негізінде өткізілген.

«Террормен қарсы күресте  бүкіл әлеммен біргеміз. Әсіресе, өзара ұлт пен дінге бөлмейтін және өздерінің отаны мен діні жоқтар қолдаймыз. Біз мұны бір емес бірнеше рет айттық» деді Мысыр елінің ескілік істердің министрі Мамдух ад-Дамати. Сонымен қатар ол мысырлықтардың терроризге қарсы екенін көрсетіп отырғанын нақтылап айта  кетті.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
24.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар