Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мысықтар туралы 65 қызықты мәлімет

Stan.kz көпшілігінің сүйікті үй жануары болып табылатын мысықтар туралы сіз білмеген қызықты деректер ұсынады.

Мысықтар туралы 65 қызықты мәлімет

  1. Азияда адамдар жыл сайын шамамен төрт миллионға жуық мысық жейді.
  2. Орташа алғанда, мысықтар 2/3 тәулік бойы ұйықтайды. Бұл тоғыз жастағы мысық өмірінде үш жыл ғана белсенді өмір сүрді дегенді білдіреді.
  3. Мысықтардың иттерден айырмашылығы, олар тәттіге құмартпайды. Ғалымдардың пікірінше, бұл негізгі дәмдік рецепторлардың біріндегі мутацияға байланысты.
  4. Ұрғашы мысықтар әдетте, жерді оң табанымен қазса, ал еркек мысықтар – сол табанымен қазады.
  5. Мысықтар тырнағының жоқтығына байланысты ағаштан түсе алмайды. Ағаштан түсу үшін ол артқа шегініп, артымен сүйенеді.
  6. Мысықтар шамамен 100 түрлі дыбыс шығарады. Ал, иттер – тек 10 түрлі дыбыс шығара алады.
  7. Мысықтың миы иттің миына қарағанда адамдарға биологиялық жағынан жақынырақ. Мысықтардың эмоцияларына адамдардағы сияқты дәл сондай ми ауданы жауап береді.
  8. Әлемде 500 миллионнан астам үй мысықтары бар және мысықтың шамамен 40 түрлі тұқымы болады.
  9. Мысалы, пальто тігу үшін 24 мысықтың терісі қажет.
  10. Мысықтарды алғаш рет ежелгі мысырлықтар қолға үйреткен делінеді. Бірақ, жақында Жерорта теңізі жағалауындағы Кипр аралында 9 500 жылдық қабірден ең ежелгі үй мысығының сүйегі табылды.
  11. Испан инквизициясы кезінде VIII Иннокент папасы мысықтарды шайтанның көмекшілері деп танып, мыңдаған мысықтар өртетті. Өкінішке орай, мысықтарды жаппай өлтіру егеуқұйрықтардың жылдам көбеюіне алып келді. Бұл оба ауруының салдарын одан әрі таралуына себеп болды.
  12. Орта ғасырларда мысықтар қара дуамен байланыстырылды және әулие Валентин күнінде Еуропа тұрғындары оларды сөмкелерге салып, өртке лақтырған.
  13. Ғарышта болып келген алғашқы мысық Астрокот деп аталатын француздық мысық. 1963 жылы Франция оны ғарышқа ұшырды. Сонда мысықтың миына имплантталған электродтар неврологиялық сигналдарды Жерге жіберді. Осылайша, Астрокот бұл сапардан аман келді.
  14. Мысыққа қатысты catt, cath, chat, katze деген сөздер тобы латынның «catus» деген сөзінен шыққан. Яғни, catus сөзін аударғанда үй мысығы, ал «feles» жабайы мысық дегенді білдіреді.
  15. Иудейлік аңызға сай, Нұқ пайғамбар кемедегі азықты егеуқұйрықтардан қорғауды сұрап, Құдайға жалынған екен. Сонда Құдай оның дұғасына жауап ретінде арыстанды түшкіруге мәжбүрлеген, және сол кезде одан мысық шыққан деседі.
  16. Мысықтар қысқа қашықтықта жоғары жылдамдықпен орта есеппен сағатына 50 шақырым жүре алады.
    Иттер туралы таңғажайып мәлімет >>>
  17. Мысық өз бойынан 5 есе жоғары биіктікке секіре алады.
  18. Мысықтар адамдарға тек еркелегендіктен ғана емес, сонымен қатар аумақты тұмсығының айналасындағы темірдің иісімен белгілеу үшін сүйкенеді. Сондай-ақ, мысықтың құйрығы мен табанына жақын жерлер де иіс шығарады.
  19. Ғалымдар мысықтардың қалай пырылдайтынын білмейді. Көптеген ветеринарлар мысықтар тамағының терең түбінде орналасқан дауыс желбезегінің дірілімен пырылдайды деп есептейді. Ол үшін көмейдің бұлшықеті ауа өтетін жерді секундына 25 рет ашып, жабады.
  20. Ежелгі Египетте үй мысығы өлген кезде отбасы мүшелері қастарын қырып, оны жоқтап, қайғырған. Олар сондай-ақ, мысық өлген кезде шарап ішіп, кеуделерін ұрып, жерлеу рәсімін өткізген. Мысықтың мәйітін бальзамдап және оны отбасылық мазарға немесе тышқанның кішкентай мумияларымен бірге үй жануарларының қабіріне жерлеген.
  21. 1888 жылы Мысырдағы зираттардан 300 000-ға жуық мумияланған мысық табылды. Содан олардың терісін сыпырып, тыңайтқыш ретінде пайдалану үшін Англия мен АҚШ-қа алып кетті.
  22. Көптеген мысықтар бірден тоғыз марғауға дейін балалайды. Ең көп ұялауда 19 марғау туған және олардың төртеуі өліп, 15-і аман қалған.
  23. Ежелгі Египеттен мысықтарды заңсыз әкеткендер өлім жазасына кесілген.
  24. Қазіргі заманғы мысықтардың арғы тегі шамамен 30 миллион жыл бұрын өмір сүрген. Ғалымдар оларды «Proailurus» деп атады, бұл грек тілінде «алғашқы мысық» дегенді білдіреді. Ал, қазіргі мысықтар тиесілі жануарлар тобы 12 миллион жыл бұрын пайда болды.
  25. Бүгінгіде ең үлкен жабайы мысық – Амур жолбарысы. Оның салмағы 320 келіге дейін, ал ұзындығы 3,6 метрден асуы мүмкін.
  26. Біздің заманымызда ең кішкентай жабайы мысық (Черноногий кот) қара аяқты мысық. Ұрғашыларының ұзындығы 50 сантиметрден де кем және салмағы 1,2 келіге дейін тартады.
  27. Еуропаның және Солтүстік Американың көптеген бөліктерінде қара мысық жамандықтың белгісі деп есептелінсе, Ұлыбритания мен Австралияда қара мысықтарды кездестіру сәттілік әкеледі.
  28. Әлемдегі ең танымал мысықтың тұқымы – бұл парсы мысығы. Содан кейін Мэйн-кун тұқымды жанат мысық және сиам мысығы.
  29. Кейбір сиам мысықтары көз жүйкесінің ерекше құрылымына байланысты көзін қисайтып қарайды.
  30. Жүзуді жақсы көретін мысық тұқымы да бар. Орталық Азиядан шыққан түрік Ванының жүні су өткізбейтін ерекше құрылымға ие.
  31. Әлемдегі ең қымбат мысықтың аты Little Nicky. Қожайыны оны 50,000 долларға сатып алған. Little Nicky оның қартайған шағында өлген бұрынғы мысығының клоны.
  32. Мысықтың тұмсығының әр жағында шамамен 12 мұрт бар.
  33. Мысықтың көру қабілеті адамдікіне қарағанда бір жағынан жақсы болса, екінші жағынан нашар. Жақсы болу себебі, өйткені мысықтар қараңғыда әлдеқайда жақсы көреді және шеткі көрудің кең бұрышына ие. Ал, нашар болуы, өйткені олар адамдар сияқты түстерді ажырата алмайды. Мысалы, шөптің түсі мысықтарға қызыл болып көрінеді.
  34. Испан-еврей ауыз әдебиетінде Адам Атаның бірінші әйелі Лилит ұйықтап жатқан нәрестелердің қанын сорып алатын қара вампир мысыққа айналатын деген астарлы әңгіме бар. Сондықтан да болар, мысық ұйықтап жатқан баланы тұншықтырады немесе оның демін «сорып» ала алады деген әңгіме осыдан шығуы мүмкін.
  35. Әдебиеттегі танымал комиксті мысық «Алиса ғажайыптар әлемінде» ертегісіндегі Льюиса Кэрролла деп аталатын Чешір мысығы. Бұл жұмбақ кейіпкер жоқ болып кету қабілетіне байланысты сиқырлық пен дуагерлікті бейнелейді.
  36. Золушка туралы ертегінің итальяндық түпнұсқасында, Золушканы шоқындырған мейірімді перизат мысық болған.
  37. Мәскеудегі Голландия елшілігінде қызметкерлер екі сиам мысығының мияулап, мезгіл-мезгілмен ғимараттың қабырғаларын тырмалай бастағанын байқады. Сонда әлгі мысықтың иелері ақырында, олардың не себептен мияулап, мазасызданғанын анықтап, мәселені шешпекші болады. Сол кезде олар ресейлік тыңшылардың қабырғаларға жасырып қойған микрофондарын тауып алды. Мысықтар микрофондар қоысылып тұрған кезде ондағы дауысты естіп қалған екен.
  38. Мысықтардың үйге апаратын жолды тауып бару қабілеті «пси-саяхат» деп аталады. Сарапшылардың пікірінше, мысықтар үйлерін күн сәулесінің бұрышымен анықтайды немесе мысықтардың миында компас сияқты әрекет ететін магниттелген жасуша бар.
  39. Мысықтың жағы жан-жағына қарай қозғалмайды, сондықтан олар тағамның үлкен бөліктерін шайнай алмайды.
  40. Мысықтар басқа мысықтарға сирек мияулайды, әдетте олар адамға ғана мияулап келеді. Мысықтар әдетте, басқа мысықтарға түксиіп, пырылдап, пысылдайды.
  41. Мысықтың арқасы иілгіш, яғни өте икемді. Себебі, онда 53 қынама омыртқа бар, ал адамда барлығы 34.
  42. Мысығы бар адамдардың шамамен 1/3 бөлігі үй жануарлары олардың ойларын оқи алады деп есептейді.
  43. Гепардтан басқа, мысықтардың барлығы тырнақтарын тынығуға жасырады.
  44. Мысықтарға деген шамадан тыс сүйіспеншілік Ailurophilia деп аталады. Бұл грекше мысықты жақсы көретіндер деген мағына береді.
  45. Шамамен 100 жыл бұрын тұқымды көбейту және будандастыру тәжірибесі сәнге айналмас бұрын, мысықтардың көбісінің жүні қысқа болған.
  46. Мысықтарда сыртқы құлақты басқаратын 32 бұлшықет бар. Ал адамдарда тек алтау ғана болады. Сондықтан, мысықтар құлағын 180 градусқа бұра алады.
  47. Марғаулардың көп ұйықтайтынының бір себебі – мысықтардағы өсу гормоны адамдікі секілді тек ұйқы кезінде бөлінеді.
  48. Мысықтардың бір шаршы сантиметрге шамамен 20 155 шашы бар.
  49. Гиннестің рекордтар кітабына енген ең ауыр мысықтың аты Himmy. Ол Австралияның Квинсленд штатынан. 21 келі салмақпен рекордтар кітабына енген мысық 10 жыл өмір сүрді.
  50. Ең кәрі мысық ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген мысық 1967 жылдан 2005 жылдың 6 тамызына дейін өмір сүрді. Техас штатының Остин қаласынан шыққан Crème Puff 38-ге толғаннан кейін үш күн өткен соң қайтыс болды. Мысықтар әдетте, 20 жылға дейін өмір сүреді, бұл көрсеткіш адамдарда 96 жасқа тең.
  51. Шотландияда Таузер атты мысықтың құрметіне орнатылған ескерткіш мұнара бар. Ол мысық өз өмірінде шамамен 30 мың тышқан аулаған.
  52. 1750 жылдары мысықтарды Солтүстік және Оңтүстік Америкаға зиянкестермен күресу үшін әкелген.
  53. Тарихтағы алғашқы мысық көрмесі 1871 жылы Лондонда ұйымдастырылды. Кейінірек мысық көрмелері бүкіл әлемге таныла бастады.
  54. Мысық туралы алғашқы танымал мультфильмнің кейіпкері 1919 жылы шығарылған Феликс мысығы болды.
  55. Мысықтың денесінде 230 сүйек бар, ал адамдікінде 206 сүйек. Мысықта бұғана жоқ, сондықтан ол басының өлшеміндей болатын кез-келген тесікке кіре алады.
  56. Мысықтардың мұрнының үсті адамдардың саусақ іздері сияқты ерекше.
  57. Мысықтың жүрегі адамға қарағанда екі есе жылдам соғады. Яғни, минутына 110-нан 140-қа дейін соғады.
  58. Мысықтарда адамдікі сияқты тері бездері болмайды. Олар тек табаны арқылы терлейді.
  59. Жеті жылда бір жұп мысық және олардың ұрпақтары жалпы есеппен 420 000 марғауға дейін балалай алады.
  60. Ересек мысықта 30 тіс болады. Ал марғауларда – алты айдан кейін түсіп қалатын 26 сүт тіс бар.
  61. Дасти есімді мысық ұрпақ саны бойынша рекорд орнатып кітапқа енген. Ол өз өмірінде 420 марғау туған.
  62. Мысықтар дірілге өте сезімтал. Олар адамдарға қарағанда жер сілкінісін 10-15 минут бұрын  сезеді.
  63. Мысықтың иттерден айырмашылығы, олар қолға бағу кезінде өзгерген жоқ.
  64. Мысықтың артқы аяғындағы тырнағы алдыңғы аяғына қарағанда өткір емес.
  65. Әлемдегі ең бай мысықтың аты Блэки. Оның қожайыны Бен Ри мысығына 15 миллион фунт стерлинг мұра қалдырып кеткен.

 

Талқылау