Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мысықтан жұғатын қауіпті паразит адамды өлімге итермелеуі мүмкін

Токсоплазма деп аталатын мысықтан жұғатын қауіпті паразиті тіпті адамдардың өзін-өзі өлтіруіне итермелеуі мүмкін.

11309093

Сурет РИА Новости

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

Токсоплазма – ішкі клеткадағы паразит. Ол әдетте үй мысықтарының ішегінде өмір сүреді. Олардың соңғы кездері кеңінен таралуы ғалымдар назарын ақыры осы мәселеге аударды. Нәтижесінде, токсоплазманың тіпті жануар асыраушы адамның да көңіл-күйіне әсер етіп, ми жұмысына өз әсерін тигізетіні анықталған.

Чикаго университетінің ғалымы Эмиль Коккаро мен оның ұжымының зерттеуі бойынша бұл паразит жұққан адамдардың мінезінде өзгерістер байқала бастайды. Мұны олар “мезгілдік бақылауды бұзу синдромы” деп атаған. Бұған шалдыққан адамдар заттарды сындырып, айналасындағыларға да қатал мінезбен қарай бастайды екен. Тіпті өзін де, басқаларды да өлтіруге қадам жасауы мүмкін. Дәрігерлердің айтуынша, қазір АҚШ-та осы синдромға шалдыққан 16 миллион адам өмір сүреді екен.

Анализ қорытындысы бойынша, токсоплазма агрессиялық және ағат жағдайларға бейім адамдар да жиі кездесетін болған. Әйтсе де ғалымдар, паразиттердің адамды агрессиялы тұлғаға айналдырып жіберуіне қатысты нақты байламды бірнеше зерттеуден соң жасаймыз деп отыр.

“Дәл қазір үйге жүгіріп барып, мысықты сыртқа лақтырып тастау керек емес. Біз әзірге бұл механизмнің қалай жұмыс істейтінін білмейміз. Ол ағзадағы қабынуға әсер ете ме, әлде тікелей миға қатысты ма мұны анықтау керек”, – дейді Коккароның университеттегі әріптесі Ройс Ли.

Талқылау