“Mysterions” тобы бейнебаяндарына түсуге бойжеткендерді шақырып жатыр
“Mysterions” тобы “Қызғанамын” атты әнге түсіріліп жатқан бейнебаяндарына түсуге 16-25 жас аралығындағы бойжеткендерді шақыруда.
Фото: instagram.com/asha_matai/?hl=ru
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Бірнеше күн бұрын Аша Матай “Mysterions” тобының бейнебаян түсіріп жатқанын хабарлаған-ды. Аталған топ бұл жолы “Қызғанамын” атты әнге бейнебаян түсіруді жөн көріпті. Ал бірнеше күн бұрын басталған түсірілім жұмыстары Алматы қаласындағы Сарыарқа кинотеатрының маңында өтіп жатыр.
Бір сағат бұрын Аша Матай тағы да бір хабарландырумен бөлісті. Аталған хабарландыруда бейнебаянға түсіруге 16-25 жас аралығындағы бойжеткеннің керек екендігі жазылған. Мұнымен қатар, бейнебаянға қай бойжеткеннің лайық екенін таңдауға Аша Матай мен Лидо атсалысатын сыңайлы.
Себебі, кастингке келген бойжеткендерге жігіттерден бөлек, Аша мен Лидоның қолтаңбасы және олармен селфи жасау мүмкіндігі берілетіні жазылған.
Бұл хабарландыруды естіген желі қолданушыларының бірі міндетті түрде баратынын айтса, енді бірі жасының келмейтіндігін айтып өкініп жатқан-ды.
Жіберіп алмаңыз:
Аша Матай мен Арман Қоңырбаев көлік жуу салонын ашты
Жұрт Аша Матай мен анасының ұқсастықтарына қайран қалды (фото)
Аша Матай: Ырымымызға сай сәбиіміздің есімін алдын ала атамайтын болдық