Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Бейонсені дуа жасады деп айыптады

Америкалық әнші Бейонсенің командасында өнер көрсеткен бұрынғы барабаншы оны «дуа жасады» деп айыптады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі The Blast порталына сілтеп.

Мыстан: Әнші Бейонсені дуа жасады деп айыптады

Басылымның хабарлауынша, Кимберли Томпсон әншінің әйелдерге жақындауға тыйым салуын талап етіп, сотқа жүгінген.

Өтініште Бейонсе бұрынғы барабаншыны бақылап, қаржысын қадағалау үшін сиқыр қолданған деп жазылған. Сонымен қатар, экс-барабаншы мысығының өліміне Бейонсені кінәлады.

Томпсон сондай-ақ, әнші өзіне қарсы «сексуалды сипаттағы сиқырлы дуалар» және «қара магия» шараларын жүргізгенін айтты. Қазіргі уақытта сот Томпсонның талаптарын қараудан бас тартты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау