Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мұсылман туристердің сүйікті жеріне айналған ең әдемі елдер аталды

CrescentRating MasterCard-пен бірлесе отырып, мұсылман туристерінің арасында ең танымал елдердің тізімі кіретін жыл сайынғы Global Muslim Travel Index рейтингін жасады, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мұсылман туристердің сүйікті жеріне айналған ең тартымды елдер аталды

Сарапшылар қолжетімділік, қоршаған орта, қызмет көрсету сапасы және байланыс сияқты өлшемдерді талдай келе мынадай қорынды шығарды. Осылайша, рейтинг  тарихында тұңғыш рет Индонезия бірінші орынға шықты. Бұдан бөлек, Малайзия да онымен жетекші орынды бөлісті. Сонымен, екі ел де рейтингте 78 ұпай жинап, көш бастап тұр.

Сондай-ақ, мұсылмандардың сүйікті жеріне айналған 10 елдің қатарына 75 ұпаймен Түркия, 71 ұпайпен Сауд Арабиясы, 71 ұпайпен Біріккен Араб Әмірлігі, 68 ұпаймен Катар, 67 ұпайпен Марокко, 66 ұпайпен Бахрейн, 66 ұпаймен Оман және 65 ұпайпен Бруней кірді.

Ресей болса 42 ұпай жинап, тізімде 46-шы орынды иеленді. Сонымен қатар, тізімде АҚШ, Гамбия, Мали және Нигерия да 46-орында тұр.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр