Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мырзахметов теңгені тұрақтандырудың жолын тапқанды Нобель сыйлығына ұсынбақ

Әлемдегі ең әлсіз валюта деп танылған теңге әлі құлдыраудың шарықтау шегіне жеткен жоқ. Бүгін Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы күтпеген жерден осындай ашық мәлімдеме жасады.

абылай

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Теңгенің 100 пайызға құлдырауы қарапайым халық қана емес, бизнесмендердің де қалтасын жұқартыпты. Дегенмен девальвация да осы кәсіпкерлердің өтініші бойынша жүргізілгені есте. Енді шетелден доллармен есептеліп келетін тауарлардың барлығы қымбат. Экономикамыз да әлі импортқа тәуелді.

Қазір Үкімет импортты отандық өніммен толтыруға жанталаса бастады. Одан қалды, қаржы нарығындағы жағдай Батыстың санкциясына іліккен рубльге де байланысты боп тұр. Сондықтан алдағы жарты жылда қаржы нарығы құбыла бермек. Осы ретте түрлі болжам жасайтын «сәуегейлерді» Мырзахметов жақтырмай отыр.

Ұлттық палата төрағасы тіпті экономикалық құлдыраудан шығудың нақты жолын айтқан адамды Нобель сыйлығына ұсынамын деп әжуа қылды.

«Өмір сүру оңай болады деп ешкім уәде берген жоқ. Тіпті девальвацияны ерте бастау керек еді. Кейбіреулер негізссіз болжам жасап халықты бекерге дүрліктіріп жатыр. Баға осылай құлап жатқан кезде, ұлттық валютасын әлсіретпей-ақ экономиканы тұрақтандырудың жолын айтқан сарапшыны Нобель сыйлығына ұсынамын», - деді Кәсіпкерлердің ұлттық палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов.

Талқылау