Мырзахметов 10 сотық жерді беру мәселесіне қатысты түсініктеме берді

Бейсенбі, 23 Маусым , 2016 10:57

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовтың айтуынша, бүгінде жеке үй құрылысына қажетті жер телімдері тапшы. Аталған мәселені шешу үшін ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне сатып алып, халыққа 10 сотықтан таратып беруге болады. Алайда оған да су, жарық, кәріз және тағы басқа инфрақұрылым желілерін тарту қажет, деп хабарлайды Baq.kz.

Асқар

Сурет “Литер” сайтынан алынды.

Министрдің сөзіне қарағанда, бүгінде жер мәселесіне қатысты сайт пен тікелей желіген түсетін сауалдардың басым бөлігі 10 сотық жерді беру мәселесіне қатысты.

«Қазір 10 сотық жерді алғысы келетіндердің саны 1 миллион 400 мың адамнан асып отыр. Олардың қатары көбейіп келеді. Дегенмен, бүгінде облыстық орталықтардың маңайында бос жатқан жерлер жоқ. Соның басым бөлігі – ауыл шаруашылығы жерлері. Әкімдіктер оны сатып ала алмайды. Сол жердің иелеріне де оны тікелей үйді салғысы келетін адамға да сатуға рұқсат жоқ. Осы проблема шешілмей жатыр», – дейді Мырзахметов халық алдында есеп беру кездесуі кезінде.

Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы жерлерін сатып алу мәселесін қарастыру қажет. Оны Жер реформасы жөніндегі республикалық комиссияның талқылауына шығару жоспарланып отыр. Дегенмен, соңғы шешімді парламент қабылдайды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар