Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мұның бәрі метроның кесірінен": Алматылықтардың жарылған үйінің қабырғасынан көше көрінеді

Алматылық үйінің жарылған қабырғасы арқылы көшені көре алады. Олар өз үйіміз құлап, басып қала ма деп қорқады, деп жазады КТК арнасына сілтеп Stan.kz.

Үйдің қабырғасында шатынаған іздер бар. Тұрғындар бұған метроны кінәлайды. Метро жүргеннен үйдің іргетасына да зақым келген. Ал, билік өкілдері үй үшін иелерінің өзі жауапты деп отыр.

"3 см-ге дейін жарық пайда болды. Бұл дегеніміз кез келген уақытта құлап түсуі мүмкін деген сөз. Мұнда 45 көпқабатты үй бар. Ешқашан жөндеу жұмысы жүрмеген", - дейді Ирина Косенко. 

Тұрғындар метро құрылысынан бастап үйде жарықтар пайда болғанын айтады. 

"Екі жылдан бер осылай. Метро жүрген сайын жарықтар көбейді. Қабырғадан көше көрінеді. Бұлай бола берсе, адам өлімі болады", - дейді тұрғындар. 

ui_jaryq

"Бізге ақша жинап, техникалық тексеру жасауды айтты. Егер қауіпті деп танылса ғана біз жоспарға кіргіземіз деді", - дейді тұрғындар билік өкілдерін кінәлап. 

"Қазірг уақытта мұның себебін анықтау мүмкін емес. ЖПИ тапсырыс беруші ретінде өз қаражатына тексеру жүргізу керек", - деді Медеу және Түркісіб ауданы бойынша сәулет-құрылыс бақылау бөлімінің басшысы Бауыржан Данаев.

"Метрополитен" мемлекеттік мекемесінің өкілдері метро жақындығына байланысты тұрғындардың өтініші бойынша Алматы қаласының орталығындағы үйлерді тексерді.

"Гоголь көшесінде орналасқан 75-үйдің тұрғындары метроның теріс әсеріне наразылық танытқан соң 2019 жылдың 31 мамырында Метрополитен мемлекеттік кәсіпорны тексеру жүргізді. Тұрғын үй ғимаратын тексеру кезінде бұл ақаулардың көппәтерлі тұрғын үйдің шығыс бөлігінде екені және метро техникалық аймағының шекарасынан тыс орналасқаны анықталды", - деді метрополитеннің баспасөз қызметі.

Талқылау