Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мыңға жуық отбасы алдағы жылдары баспаналы болуға толық мүмкіндік алды

Оңтүстік Қазақстан облысындағы мыңға жуық отбасы алдағы жылдары баспаналы болуға толық мүмкіндік алды. Бүгін аймақ басшысы мен Қазақстанның ТұрғынҮй ҚұрылысЖинақ банкі арасында ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылды. Келісімшарт негізінде Оңтүстік Қазақстан облысында 56 мың шаршы метр баспана қолданысқа берілетін болды. Тіпті қазірдің өзінде жаңа тұрғын үй құрылысы басталатын аумақ та белгіленген.

key and hand on background of new houses

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Әлеуметтік маңызы бар құжатқа облыс басшысы Бейбіт Атамқұлов пен “Қазақстан ТұрғынҮйҚұрылысЖинақбанкі” Акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов қол қойды. Атқарушы билік пен банк арасындағы тиімді ынтымақтастық “Нұрлы жол”  мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге аспақ.

«2016-2017 жылдары Қазақстан бойынша 691 мың шаршы метр тұрғын үй салуды мақсат етіп отырмыз. Ал жыл соңына дейін 207 мың шаршы метр үй аумағын қолданысқа беру жоспарда. Осы 207-нің 110 шаршы метрі “Тұрғын Үй құрылыс Жинақ Банкінің” салымшыларына несиелік тұрғын үй негізінде салынбақ. Ал қалған 97 мың шаршы метрі жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған азаматтарға жалдамалы баспана ретінде беріледі», – “Бәйтерек Девелопмент” АҚ Басқарма төрағасы Әділбек Ысқақ.

Айта кету керек, “ТұрғынҮйҚұрылысЖинақБанкінің” салымшыларына жаңа пәтерлер әр шаршы метріне 140 мың теңгеге дейін шығады. Қол қойылған келісім негізінде Оңтүстік Қазақстан облысының мыңға жуық отбасы өз шаңырақтарының түтінін түтететін болады.

«Осының негізінде ақша айналымын қамтамасыз ете аламыз. Түскен қаржыны тағы да қолдануға болады. Яғни, бюджет қаражатының бір теңгесін біз 10 жылда қайтарып аламыз. Және қайтарылым ақша  аймақтарға байланысты. Ол 5 есеге дейін болуы мүмкін», – дейді “ТұрғынҮйҚұрылысЖинақБанкі” АҚ Басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов.

Ауқымды құрылыстың аумағы бекітілген. Тіпті қазірдің өзінде инженерлік құрылымдар тартылып жатыр. Тұрғын үйлерді салу жағын банк “Өз үйің” атты дағдарысқа қарсы бағдарламалары арқылы жүзеге асырмақ. Алдағы төрт жылда Оңтүстік Қазақстан облысында жалпы аумағы 56 мың шаршы метр болатын баспана салынатын болады.

Талқылау