Мың ауруға шипа: Бөдене жұмыртқасының пайдасы

Сейсенбі, 21 Қараша , 2017 17:53

Сіз білесіз бе? Жапонияда әрбір бала күніне екі бөдене жұмыртқасын жейді. Ресей президенті Владимир Путин де оны күн сайын шикілей ішетін көрінеді. Ал, тарихқа көз жүгіртсек, Шыңғыс ханның өзі жаралы жауынгерлеріне жұдырықтай ғана бөдененің жұмыртқасын ішкізіп, аяққа тұрғызған екен.

Өйткені, бөдененің еті де, жұмыртқасы да мың түрлі дертке дауа. Адамның ойлау қабілетін арттырып, ағзаны түрлі жұқпалы аурулардан қорғайды. Ал, дәмі тіл үйіреді, әрі тойымды. Дәлірек айтсақ, кәдімгі тауық жұмыртқасына қарағанда, бір грамм бөдене жұмыртқасы құрамында А және D дәрумендері екі есе көп, деп жазады muslim.kz.

В тобындағы дәрумендер де анағұрлым, яғни алты есе, фосфор, калий және темір төрт-бес есе жоғары. Бұл диеталық өнімде мыс, кобальт, никотин қышқылы мен амин қышқылы да мол. Тағы бір дәлелденгені, бөдене жұмыртқасы тауықтардікіне қарағанда микробтардан таза келеді. Бұл ғалымдарды әлі күнге дейін қайран қалдыруда.

Өнімнің ең басты ерекшелігі – өз қасиетін жоймай ұзақ сақталуында. Бөлме температурасы жағдайында айға жуық, ал тоңазытқышта 60 тәулікке дейін сақтауға болады.

Бөдене жұмыртқасының емдік қасиеті

Мамандар бөдене жұмыртқасын әсіресе, балаларға, қарттарға, аяғы ауыр және емізулі баласы бар әйелдерге, сырқат және әлсіз жандарға жиі тұтынуға кеңес береді. Себебі, бұл өнімнің адамның иммунитетін көтеріп, сергітетін қуаты мол. Нақтыласақ, бөдене жұмыртқасы мынадай ауруларға  таптырмас ем:

  • бас ауруына;
  • демікпе мен туберкулезге;
  • қан қысымының көтеріліп және түсіп кетуін реттейді;
  • бүйрек, өкпе, асқазан, ішек ауруларын, асқазан жарасын жазады;
  • фосфор, калий, темірдің әсерінен есте сақтау қабілеті жақсарады;
  • анемияға;
  • сәуле ауруларына;
  • бөртпе пен диатезден құтқарады;
  • салқын тию мен тұмауға;
  • бұлшық ет пен сүйектерді қатайтады;
  • баланың есте сақтау қабілетін арттырады;
  • диета кезінде арықтауға, ағзаның қалыпты жұмыс істеуіне көмектеседі.
  • радионуклейдті тұздар мен ауыр металдарды ағзадан тазартады;
  • адамды жасартатын қасиетке ие (бөдене жұмыртқасының құрамына кіретін тирозин амин қышқылы косметика саласында ең қат өнім саналады);

Сонымен қатар, жұмыртқаның аршылған қабыршағын тас­тамай жуып, газ немесе «әсел» пешінде сәл кептіріп, кофе ұнтақтаушыдан өткізуге болатындығын қолданғандар айтуда. Олар дайындалған ұнтақты ірімшік, айран, тамаққа, болмаса суға бір шәй қасықтан қосып ішуге кеңес береді. Өйткені, оның құрамында 90 пайыз кальций мен 27 микроэлементтер бар. Ал зерттеулерге сүйенсек, дәріханаларда сатылатын кальцийлерге қарағанда бөдене жұмыртқасы қабығындағы кальций адам ағзасына өте сіңімді. Бұдан басқа, ол ағзаға аса қажет мыс, фтор, күкірт, кремний, мырышқа бай. Сондықтан ұсақталған жұмыртқа қабығын балалар мен жүкті келіншектерге ұсынған абзал. Ағзадағы кальцийдің молайып, сүйектердің қатаюына игі ықпалын тигізеді. Тістердің маржандай тізіліп, бүлінбеуіне де әсер етеді.

Ал, жұмыртқа құрамындағы лецитин заты қандағы холестеринді төмендетеді. Егер тәулігіне бөдененің 4-5 жұмыртқасын тұрақты тұтынса, ер адамның беліндегі қуаты артады. Бірақ та, жүрек дертінің атеросклероз түрімен ауыратындар мен оның алдын алушылар бөдене жұмыртқасын аз мөлшерде қолданғаны абзал.

Жапондардан үлгі алсақ…

Экологиясы нашар аймақтың тұрғындары үшін бөдененің жұмыртқасы өте пайдалы екен. Бөдене туралы еліміздегі алғашқы ғылыми зерттеу жұмысының авторы, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің PhD докторанты Мұхтар Байбатшановтың айтуынша, Чернобыль апатынан кейін ғалымдар апат аймағында радиациядан жапа шеккен балаларды бір орталыққа жинап, тәжірибе жүргізеді. Бір топтың балаларына бір ай бойына бөдененің жұмыртқасын шикілей ішкізсе, екінші топтағы балаларға жұмыртқа бермейді. Бір айдан соң жұмыртқа ішкен балалардың ағзасын тексергенде ғалымдар бөдене жұмыртқасы радиацияны ыдырататынын анықтаған. Мұрындарының қанауы, бас айналулары тоқтап, қандағы гемоглабиндері көбейген. Осыдан кейін көпшілік бөдене жұмыртқасын жаппай тұтына бастады.

Ғалым: «Біздер бөдене жұмыртқасына тәжірибе жүргіз­генімізде, оның дәрумендік құрамы тауық жұмыртқасына қарағанда 3-4 есе жоғары екеніне көз жеткіздік», – деп сенімді түрде айтып отыр. Ал мұны жапондар біліп қана қоймай, ұлт денсаулығын жақсартуға қолданғанын айтады. Тіпті, мектеп жасындағы балаларға күніне екі бөдене жұмыртқасы тегін  таратылып беріледі.

«Кезінде АҚШ Жапонияға атом бомбасын тастап, үлкен экологиялық апатқа ұшыратқаннан кейін, жапондықтар бөдененің адам бойындағы радиацияны ыдырататынын біліп, міндетті тамақ рационына енгізген. Сол кезде әрбір жапон баласы таңертең міндетті түрде бөдене жұмыртқасын шикідей ішетін болған. Осының арқасында жапон халқы денсаулығын түзеп, ойлау қабілетін дамытты. Бүгінде жоғары деңгейде дамыған мемлекеттердің көшін бас­тап келеді. Бөдене жапон халқын құтқа­рып қалды десек те болады», – дейді Мұхтар Байбатшанов ақпарат құралдарының біріне берген сұхбатында.

Жапондықтар бөдене жұмыртқасын тұрақты тұ­тын­­ған науқастың қатерлі ісіктің өзінен тәуір болатынын дәлелдеген көрінеді.

Қазіргі уақытта Жапонияда бөдене шаруашылықтары жақсы дамыған. Бұл елде жылына 19 миллиардқа жуық бөдене жұмыртқасы өндіріледі. Керек десеңіз, бөденені зерттейтін орталықтар, институттар құрылған. Сонымен қатар, бүгінде Қытай, Үндістан, Германия және басқа да елдер бөдене ісін жандандыруға қатты көңіл бөлген.

Бөдене жұмыртқасын шикілей, қайнатылған, қуырылған, пешке сусыз пісірілген күйінде пайдалануға болады. Оны түрлі салатқа қоссаңыз да өз еркіңіз. Ботқаға, картоп езбесіне немесе сорпаға да қосуға болады. Ең дұрысы, бәрінен пайдалысы – шикі күйінде ішу. Сонда ол өзінің айрықша дәрумендерін сақтап қалады.

Тоқетері, бөдене еті мен жұмыртқасы сырқат адамның жазылуына, дені сау адам үшін аурудың алдын алуға көмектеседі. Таза, әрі табиғи азықты күнделікті қолдансақ, көп шығынсыз түрлі дертке қарсы тұра алатындай денсаулығымызды нығайтуға болады. Бүгінде «ханның асы» саналатын бұл өнім дүкен сөрелерінде толып тұр. Ендеше, тұтынушылар қалағанынша сатып алуына мүмкіндігі бар.

Айнұр Қазмағамбетова

Тағы да оқыңыз:

Ешкі сүті көптеген дертке ем

Жылқының еті 17 ауруға ем

Жаңғақтардың адам денсаулығына пайдасы қандай

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
13.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар