Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мықты екенімді дәлелдедім: «Канело» Головкинмен қарымта кездесудегі жеңісіне қатысты пікір білдірді

Бүгін, 16 қыркүйекте Лас-Вегасте өткен Головкин-«Канело» жекпе-жегінде мексикалық боксшы жеңіске жетті. Жеңісіне қатысты пікір білдірген Альварес өзінің қазақстандық қарсыласынан кем түспейтінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

«Канело» Головкинмен қарымта кездесудегі жеңісіне қатысты пікір білдірді

«Қатты қуанып тұрмын. Маған сенгендердің барлығына алғыс білдіргім келеді. Жеңісім бүкіл Мексика мен жанкүйерлеріме арналады. Ол – өте мықты боксшы. Алайда ақыр аяғында біз жеңіске қол жеткіздік. Мен өз командамның нұсқауларына құлақ астым, оларға алғыс айтамын. Ол – мықты қарсылас. Бірақ мен де өзімнің мықты екенімді дәлелдедім», – дейді Сауль Альварес жекпе-жектен кейін.

Айта кетсек, 12 раундқа жоспарланған жекпе-жек толық өтті. Кездесуде кімнің жеңіске жеткенін төрешілер шешіп, ұпай саны бойынша жеңісті Сауль Альвареске берді. Осылайша, отандасымыз  Геннадий Головкин спорттық мансабында алғаш рет жеңіліс тапты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау