"Көрсеңдер жөнге салыңдаршы": Нұрболхан Шәріпов енді "Ойбай шоу" бағдарламасын сынға алды

«Өз ойым» бағдарламасын сынның астына алған белгілі әзілкеш Нұрболхан Шәріпов енді «Ойбай шоу» бағдарламасына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

Нұрболхан

Нұрболхан әлеуметтік желідегі парақшасында өзіне ұнамаған нәрселерді сынауды әдетке айналдырғандай. Мұның алдында «Өз ойым» туралы пікірін ашық жазған ол енді «Ойбай шоу» бағдарламасына қарсылығын жеткізді. Әзілкеш журналистерге өзгенің емес, өз басыңдағы кемшілікті ойла, мініңді түзе деп жазды.

«Мен айтам да, бiреудiң қиын тағдыры - бiреулер үшiн рейтинг болған кезең! Қазiргi кейбір жүргiзушi сымақ, журналистерге қатысты. Өзгенi қайтесiңдер, өздерiңнiң арттарыңа бiр үңiлсеңдершi дим да, жаңағы. Өзiңдi түзеп, жоғыңды түгендеп барып сұқсайшы қолыңды, өзгенiң өмiрiне. Оның өзінде қақың жоқ! Таза өз ойым бұл», - дейді ол.

«Өз ойым» бітіп, әншінің іш киімінің бағасын түгендейтін «Ойбай шоудың» басталғанына ашулы әзілкеш, Алматылық намысты жандарға Мұхит Сапарбайды жөнге салуды тапсырды.

«Анау, Ойбай шоудың жүргiзушiсiн көрсеңдер жөнге салыңдаршы, Алматының намыстылары», -деп жазды Нұрболхан.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр