Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мэрайя Кэри австралиялық миллиардермен некелесті

Пакер ғашығын Нью-Йоркте кездесуге шақырып, ол жайлы жасырын түрде достарын да айтады. Кездесуде күтпеген жерден тізерлей отырып, Мэрайяның қолын сұрайды. Сол жерде достарының қолпаштауымен сүйіктісінің саусағына сақина салады.

f56a1c949b62b5_56a1c949b62f3.thumb

Бұл туралы TMZ сайты хабарлайды.

Америка әншісі Мэрайя Кэри австралиялық миллиардер Джеймс Пакермен некелесті. Алайда, үйлену күні әлі белгіленген жоқ. Бұл екі жұп 2015 жылдан бері кездесіп келеді. Олар Мэрайяның күйеуі Ник Кэннонмен ажырасқаннан соң екі айдан соң танысқан. Ник Кэннон Томми Моттоланың дыбыс жазушы бірнеше компанияның басшысы болған. Олар 1998 жылдың наурызында ажырасып кеткен.

Пакердің екі некесінен 3 баласы бар. Forbes журналы оның табысы  4,5 миллион долларды құрайды деп бағалайды. Кэри 45 жаста, ал ғашығы одан 3 жас үлкен.

Кэри музыка тарихындағы ең табысты әншілердің қатарында. Оның таспалары 200 миллионнан астам көшірмемен шығарылған. 1998 жылы ол соңғы он жылдағы ең өтімді әнші деп танылды. Ал, 2000 жылы World Music Awards салтанатты кешінде ең табысты әнші деп аталды. Ол грэмми сыйлығының 5 рет иеленген.

Талқылау