Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мэнни Пакьяо: Менің боксқа қайта оралуыма Головкин әсер етті

Аңызға айналған филиппиндік кәсіпқой боксшы Мэнни Пакьяо сәуір айында спорттан кетемін дегеннен соң, шаршы алаңға қайтадан оралуына не жағдай себеп болғанын айтып берді.

img

Бұл туралы vesti.kz хабарлайды.

Боксшының сөзінше, оның ойы Геннадий Головкин мен британиялық Келл Брук арасындағы жекпе-жекті көргеннен кейін өзгерген.

“Мен GGG-дің Брукқа қарсы қалай ұрыс салғанын көріп тәнті болдым. Мен енді қайтіп шаршы алаңға оралмаймын деп ойлайтынмын. Мен өзімде әлі жылдамдық, күш, боксқа деген ынта бар екенін білемін. Соңында мен өзімнен сұрадым: “Неліктен мен жұдырықтасуды жалғастырмаймын?”

Әдетте басқа жекпе-жектерді қарамайтынмын, бірақ бұл жолы өз-өзімді өзгерттім. Брукқа жеңіске жету үшін нағыз панчерден соққы қабылдай бергенше қарымта шабуылға шығу керек еді.

Головкин оған қарағанда әлдеқайда мықты болып шықты. Онда тек мықты соққы ғана емес, сондай бір ауыр қол бар. Қолы ауыр қарсыласы сені әрқашан тығырыққа тірейді

Бұл жекпе-жек менің көңіл түкпірімдегі ынтамды қайта оятты, мені спортқа ғашық етті. Сол сәтте мен рингке оралу керек деп шештім”, – дейді Пакьяо.

Головкин-Брук жекпе-жегінің бесінші раундында қазақстандық боксшы қарсыласын аямай сабап, нәтижесінде британиялық бапкерлер алаңға орамал лақтырып, тоқтатуға мәжбүр болған еді. Ал Пакьяо болса 5 қараша күні Лас-Вегаста америкалық Джесси Варгаспен кездеседі.

Оқи отырыңыз:

Илья Ильин спортты тастап мемлекеттік қызметке ауысып жатыр

Қанат Ислам жекпе-жектен соң екі қолының қандай күйге түскенін көрсетті (фото)

БАҚ: Ауыр атлеттеріміз халықтан кешірім сұрап, сыйға алған қаржыны қайтаруы тиіс

Назым Қызайбай Бауыржан Оспанов салып берген үйін көрсетті (фото)

Талқылау