Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мьянмадан қашқан рохинджалардың ахуалы қандай?

Бангладеш билігі Мьянмадан қашқан рохинджаларды жайғастыратын орын таппай әлекке түсіп жатыр.

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Уақытша лагерьлер лық толы. Сондықтан көрші елден келгендерге Кокс-Базар қаласының маңынан жер телімі беріліп, уақытша баспана тұрғызуға рұқсат етілді. Енді мұнда 60 отбасы тұратын болады.

“Менің Мьянмада екіқабатты үйім болатын. Енді, міне, мынадай жағдайда өмір сүруіме тура келеді. Өкінішті, әрине. Алайда ашық аспан астында жатқаннан гөрі осындай шатырдың ішінде тұрған әлдеқайда жақсы”, – дейді босқын Нұр Мұхаммед.

Айта кеткен жөн, тамыздың аяғында рохинджа ұлтынан құралған қарулы топ Мьянмада полиция бекеттері мен әскери бөлімшелерге шабуыл жасаған. Осыдан кейін аймақтағы жағдай шиеленісіп, қарапайым рохинджалар Бангладешке бас сауғалауға мәжбүр болды.

Сөйтіп бүгінде көрші ел аумағына 436 мыңнан астам босқын өткен. Қазір қайырымдылық ұйымдары олардың жағдайына қатысты алаңдаушылық танытып отыр. Өйткені уақытша баспанада тұрып жатқан рохинджалар арасында азық-түлік пен таза ауызсу тапшы. Сондай-ақ санитарлық жағдайы нашар көрінеді. Сондықтан мамандар «алдағы уақытта тырысқақ індеті өршіп кете ме» деп алаңдап отыр.

Оқи отырыңыз:

Бүкіл отбасын асырап отырған 13 жастағы қырғыз қызы халықаралық сыйлыққа ұсынылды

АҚШ-та қарындасын қорғамақ болған 8 жасар баланы балғамен аяусыз ұрып өлтірді

Қытайда енді WhatsApp бұғатталды

Стив Джобстың қолтаңбасы 15 мың долларға сатылымға шығарылды

Талқылау