Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Мьянма аруы» рохинджа қарсы шыққан соң титулынан айырылды

«Мьянма аруы» байқауының жеңімпазы бирмандық модель Шви Ин Си желідегі видеожазбасынан соң титулынан айырылды.

Ол жазбасында рохинджа-мұсылман әскерлерін террорлыққа, зорлыққа қатысты айыптаған.

Байқау ұйымдастырушылары модельдің титулын алғанын растады. Алайда бұл шешімнің себебін ашып айтқан жоқ. Олардың айтуынша, Шви Ин Си регламентті орындамай, талапты бұзған.

Мьянма елінің батысындағы Ракхайн штатында 25 тамыздан бастап жағдай шиеленісіп кеткен еді.

Еске салсақ, Мьянмада болған армия, полицейлер және негізінен исламды ұстанатын этникалық азшылықтағы рохинджалар арасындағы қақтығыстан қаза тапқандар саны соңғы күндері 400-ден асып кеткен.

Тағы да оқыңыз:

Елімізде АИ-92 жанармайы 162 теңгеден сатылып жатыр

Алмазбек Атамбаев Назарбаев қатысатын саммитке барудан бас тартты

Досым Сәтпаев: Атамбаев Қазақстанға тиісу арқылы өз елінде «қыран» болып көрінгісі келетін «ақсақ үйрек»

Талқылау