Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Музыкант өзінің мерейтойына арналған концерт үстінде көз жұмды (видео)

Америкалық музыкант Брюс Хэмптон өзінің 70 жылдығына арналған концерт кезінде қайтыс болды.

Безымянный

Бұл туралы NME хабарлайды.

Хэмптонның туған күніне орайластырылған концерт Атланта қаласындағы театрда өткен. Әртіс 13 жастағы гитарист Брендон Недерауэрдің солосы кезінде сахнада құлап түседі. Оның құлауы шоудың бір бөлігі деп ойлаған музыканттар одан кейін де бірнеше минут музыканы ойнап тұра берген.

Әртіс ауруханаға жеткізіліп, көз жұмды. Оның өліміне нақты не себеп болғаны әзірге хабарланбады.

Талқылау