«МузАРТ» тобы ізбасарларын ел арасынан іздейді

Сенбі, 12 Наурыз , 2016 17:37

Халықтың сүйіспеншілігіне бөленіп, жүрегін жаулаған «МузАРТ» тобы өз ізбасарларын ел арасынан іздейді. «Биыл «Қазақстан» ұлттық телеарнасында «МузАРТ LIVE» мега-жобасы тұсауын кеспек.

muzart_b

Сурет old.qamshy.kz

Бұл туралы bnews.kz сайты хабарлайды.

Музыкалық жобаға 16 жастан 25 жасқа дейінгі аралықтағы талантты ер жігіттер қатыса алады. Үміткерлердің музыкалық білімінің болуы шарт емес. Сондай-ақ, музыкалық талғамы мен орындаушылардың құрамына да (соло, дуэт, топ) мән берілмейді. Ең басты талап – қатысушы мемлекеттік тілде ән айта білуге міндетті.

«МузАРТ LIVE» музыкалық байқауы 3 кезеңнен тұрады: І кезең – Онлайн іріктеу (кастинг) 15-ші наурыздан 15-ші сәуір аралығында өтеді. ІІ кезең – Аймақтық іріктеу «МузАРТ» тобының қатысуымен өтпек. Байқаудың аймақтық іріктеу кезеңі 10-шы мамырдан 25-ші мамыр аралығында Қазақстанның 5 қаласында – Астана, Алматы, Атырау, Семей және Шымкентте өтеді.

Екінші кезең біткеннен кейін қазылар алқасы 2 аптаның ішінде байқаудың үшінші кезеңіне жолдама алатын 60 үміткердің есімін жариялайды. Ұлттық музыкалық тележобаның ІІІ кезеңі үміткерлерге телетүсірілімге қатысу мүмкіндігін береді. ІІІ кезеңге өткен үміткерлер стиль, имидж, репертуар, хореография саласы бойынша ұйымдастыру комитетінен кеңес алады. Ақтық сында бар-жоғы 6 адам бағын сынайды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

5
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар