Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“МұзАрт” тобы ақтөбеліктердің көңілін аулау үшін тегін концерт берді (фото, видео)

“МұзАрт” тобы ақтөбеліктердің көңілін аулау үшін “Тұңғыш президент саябағында” тегін концерт берді.

13181436_1581500332148412_2113101502_n

Фото: instagram.com/m_besbaev/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Күні кеше Ақтөбе қаласында лаңкестердің салдарынан бейбіт тұрғындар үйлеріне қамалып, көптеген мерекелік іс-шаралар кейінге қалдырылды. Халыққа осы үрейді жеңуге көмектесу үшін “МұзАрт” тобы аталған аймаққа барып, “Тұңғыш президент саябағында”  тегін концерт берді.

“Ақтөбеде бейбіт өмір сүріп жатқан халықтың берекесін қашырып, талай отбасыны жылатқан оқиға бәрінің есінде. Бір апта бойы ішкендері ас болмай, ұйқы мен күлкіден айырылды. Атыстың дауысы тағы қай жерден шығады екен деп елеңдеп өмір сүрді. Ақтөбеліктердің қайғысына ортақтасып, халықтың көңілін аулауға келген МұзАрт тобына алғысымыз шексіз! Алла разы болсын сіздерге!

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ағамыз айтқандай, осынау оқиғадан кейін xалықтың көңілін аулау үшін тегін концертті кез келген әншілер бере бермейді. Сіздермен мақтанамыз!” – дейді Ақтөбе қаласының тұрғыны Наргүл Ғайнетова. Сәкен Майғазиев өз кезегінде мұның өздеріне тиесілі парыз екенін айтып, тыңдармандарға алғысын айтты.

#Repost @nargul_gainetova with @repostapp ・・・ Ақтөбені дүр сүлкіндіріп, бейбіт өмір сүріп жатқан xалықтың берекетін алып, талай отбасының көз жасына қалған оқиға бәрінің есінде.. 1 апта бойы ішкен астары ас болмай, ұйқыдан, күлкіден айырылып, атыстың дауысы тағы қай жерден шығады екен деп елеңдеп өмір сүрді. Ақтөбеліктердің қайғыларына ортақ екендерін білдіріп, қайғыдан қан жұтқан xалқының көңілін аулап тегін концерт берген әйгілі МузАрт тобына алғысымыз шексіз!!! АЛЛА разы болсын сіздерге!!! Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ағамыз айтқандай, осынау оқиғадан кейін xалықтың көңілін аулау үшін тегін концертті кез келген әншілер бере алмайды. Сіздермен мақтанамыз!!!!!! @saken_maigaziyev @m_besbaev @kenzhebekmuzart Раxмет, алтыным! 😊🇰🇿👼🏻👨‍👩‍👧‍👦🏡🎼🌎🎤🍞📚🏇🌷☀️

Видео опубликовано Saken Maigaziyev (@saken_maigaziyev)

#Қазақстан#Ақтөбе 😊🇰🇿👼🏻👨‍👩‍👧‍👦🏡🎼🌎🎤🍞📚🏇☀️

Видео опубликовано Saken Maigaziyev (@saken_maigaziyev)

“Исламға кір келтіріп жүрген түрлі ағымдардан аулақ болайық. Өскелең ұрпаққа, жастарға соны насихаттаудан, соны айтудан біз ешқашан шаршамаймыз. Шын мәнінде ата-бабаларымыз аңсап, тер төгіп, қан төгіп жеткен тәуелсіздігімізді құрметтейік, бағалай білейік. Тыныш заман болсын! Сіздерді жылатуға емес, жұбатуға келдік. Ендеше кішкентай балапандарымыз, би билеп, көңіл көтеріңіздер. Болашағымыз жарқын болсын”, – дейді Сәкен Майғазиев.

13385792_1735934543322151_60021990_n

Концертке бара жатып “МұзАрт” әншілері өздері жанкүйерлік ететін клубтың спортшыларымен жолығып қалған екен. Естелікке деп суретке де түсіп үлгерген.

“Ақтөбеге сапарымызда “Қайрат” футбол клубының ойыншыларымен бір кемеде келдік. Бауыржан Исламxан бауырымыз бен Андрей Аршавин ініміз. Алла қаласа, кешкі 20:00-де “Тұңғыш президент саябағында” кездескенше”, – дейді Сәкен Майғазиев.


Жіберіп алмаңыздар:

Мақсат Базарбаев “МұзАрт” тобына қайтып келді

Ерке Есмахан “Мұзарт” әншілерін өз отбасымен таныстырды (фото)

«МұзАрт» тобы көрермендеріне Қазақстанда бұрын соңды болмаған сый жасады

Майғазиев: Қоғамда бір түндік жас қыздар көп

Талқылау