Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұxамедиұлы жастарды букмекерлік кеңселерден шығарудың жолын тапты

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлы жастардың букмекерлік кеңселерге деген тәуелділігін жоятын амал тапқан сыңайлы. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

20161127095255

Мәдениет және спорт министрлігі “Лотерея туралы” заңның арқасында отандық спорттың дамуы мен бәс тігу бизнесін бір жолға қоюға болады деп отыр. Министрдің сөзінше, лотереядан түсетін табыстың 15 пайызы отандық спорттың қажетіне жаратылмақ.

“Лотерея туралы” заң қиын құжат еді, бірақ, біз оны ақыры қабылдадық. Лотереядан қыруар қаржы түсетіндігіне қарамастан, ол кімнің қалтасына кетіп жатыр, салық төленіп жатыр ма деген сауал ескерусіз келді. Біз енді осы саланы заңмен шегелеп, ашық қылып отырмыз. Енді түскен ақшаның 15 пайызы спортты дамытуға жұмсалады. Сосын осы саладағы әлемнің үздік компанияларын тартып жатырмыз. «Неге?» десеңіз, егер лотерея саласы жақсы дамыса, онда букмекерлік кеңселер мен тотализаторларда отырған жастардың барлығын лотереяға шығаруға болады. Бұл – әлемдік тәжірибе. Ол үшін лотереяны ашық салаға айналдырған маңызды», – деді Арыстанбек Мұxамедиұлы.

Оқи отырыңыз:

Елбасы “Болашаққа” бөлінетін ақшаның бір бөлігін Назарбаев университетіне аударуды ұсынды

Білім министрлігі болашақтықтарды жұмыстан шығаруға тыйым салды

Прокурор Мұхтар Әбілязовті 20 жыл түрмеге қамауды талап етті

Павлодарда «Қазавтожолдың» лауазымды шендісі 3 миллиард ұрлады деген күдікке ілінді

Талқылау