Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Англияда мұсылмандардың сән салонына келуіне тыйым салған келіншек жауапқа тартылды

Кәсіпкер келіншек Facebook желісі арқылы өзініңспа-салоны бұдан былай мұсылмандарға қызмет көрсетпейтінін жариялаған. Келіншек бұны өзінің патриоттық ұстанымымен байланыстырған, – деп хабарлайды Metro.

сал1

Есімі белгісіз 43 жастағы келіншек  сән салонына  мұсылман дінін ұстанғандардың ешқайсысын кіргізбейтінін нақтылап жазған. Және «Өкінішті. Бірақ, елімізді ойлайтын уақыт жетті», - деп жазады.

Кәсіпкер келіншектің жазбасынан кейін бұл мәселе үлкен талқыға түсті. Халықтың бір бөлігі мұны қолдаса екінші тарап қарсы пікірлер жаза бастады. Оқырмандар арасында  осы сөзден кейін  «Кәсіпкердің сән салонына бармаймыз» дегендер де болды.

Келіншек  ұлтаралық  араздықты қоздыру айыбы бойынша қазір жауапқа тартылуда.

Талқылау