Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұсылман жігіт зағип жандар үшін “көз” жасап шығарды

«Microsoft» компаниясының бағдарламалық инженерлерінің бірі Сакиб Шайх 2016-жылдың соңына таман смартқұрылғыларға арналған ерекше қосымша жасап шығармақ. Смартқұрылғыларға арналған бұл қосымша зағип жандардың сыртқы ортада бағыт-бағдарын анықтауға көмектеседі.

Microsoft CEO Satya Nadella (R) introduces Saqib Shaikh, who is developer and is blind, at the end of the keynote address during the Microsoft Build 2016 Developers Conference in San Francisco, California March 30, 2016. REUTERS/Beck Diefenbach

Сурет islam.ru

Бұл туралы muslim.kz хабарлайды.

Айта кету керек, инженер Шайхтың өзі жеті жасында екі көзінен айырылып, «су қараңғы» болып қалған.

Оның қосымшасы смартқұрылғыларда арнайы көзілдірік арқылы қолданылады. «Seeing AI» деп аталатын қосымша объектілер мен адамдарды «көреді», кез-келген ақпарат пен дауысты хабарламаға айналдырады.

«Seeing AI» қосымшасы адамның жынысын, жасын ажыратуға, тіпті әңгімелесушінің эмоционалды күйін аңғаруға қабілетті. Сондай-ақ мәтіндік құжаттарды суретке түсіріп, материалдың аудио нұсқасын жасап шығара алады.

Талқылау